Басты бет > Саясат > Шардара қаласында жағымды жаңалықтар қатары молайып тұр.

Шардара қаласында жағымды жаңалықтар қатары молайып тұр.

237
views

Фото Шардары Ауданы Әкімдігі.Ата Заңымыздың 22 жылдығы мерекесіне орай қала орталығында қос бірдей нысан халықтың игілігіне берілді. Оның біріншісі — қаладағы №3 мөлтекауданның инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жұмысы сәтімен аяқталды. Мұнда 442 268,7 млн теңгеге бірқатар шаруалар атқарылып отыр. Атап айтар болсақ, 6,021 шақырым су өткізгіштері торабының, 7,160 шақырым электрмен қамтамасыз ету жүйесінің, 4,871 шақырым жолдың құрылыстары жүргізіліп, «Реал-Билдинг» ЖШС-і өз міндетін абыроймен орындап шықты. Осы жұмыстардың нәтижесінде бұл мөлтекауданда 150 учаскені орналастыруға мүмкіндік туады. Елбасының «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүзеге асқан бұл нысанның ашылу салтанатында аудан әкімінің міндетін атқарушы Қайрат Жолдыбай мен аудандық мәслихаттың хатшысы Бұлтбай Мүтәлиев құттықтау сөз сөйледі.

Ресми түрде ашылып, пайдалануға берілген екінші нысан да Шардара қаласының көркіне көрік қосқан сәулеті келіскен жайға айналды. Облыс әкімінің өңірдегі шатқалды жерлерді дамыту, абаттандыру туралы тапсырмасына сәйкес Сырдария өзенінің бойындағы ескі көпірді жаңғырту және оның аумағын абаттандыру жұмыстарының басталғанына біршама уақыт болған еді. Жалпы көлемі 0,7 гектар аумақты «Шардарасервис» коммуналдық кәсіпорны өз деңгейінде абаттандырып шықты. Мұнда өзен бойын көгалдандыру, ұсақ плиталы аяқжол төсеу, көпір үстінен субұрқақ салу, жарықтандыру, автотұрақ жұмыстарына 89 млн теңге жұмсалды. Тамаша демалыс орнына айналып шыға келген бұл жайға «Ұлы дала саябағы» деген атау берілді.
Нысанның ашылу салтанатында аудан басшыларымен бірге қалалық қауымдастық төрағасы Қыстау Ілесов, Төменгі тоғай ауылының биі Тасболат Юсупов сөз алып, тұрғындарды мерекемен құттықтады. Жаңа саябақтың лентасы қиылып, пайдалануға берілген сәтте осы күні шаңырақ көтерген жас жұбайлар серуендеп келді. Жаңа саябаққа алғаш болып қадам басқан жастарға ауданның бас имамы Асылхан қажы Данияров ақ бата берді. Мерекенің мерейін асырған бұл шараға көпшілік риза болысып, қошемет көрсетті.
Жаңа нысандар іске қосылған күні қаладағы қимыл-қозғалысы көп, күрмеуі қиын мәселелердің біріне айналып отырған көшелерге, дәлірек айтсақ, Оңдасынов пен Қазыбек би көшелерінің және Төле би мен Темірбеков көшелерінің қиылыстарына бағдаршамдар орнатылды. 


Медиаон ақпарат

Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі көмегімен

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *