Басты бет > Білім > ХІІІ Ұлттық жастар Дельфийлік ойындарының облыстық байқауы өтілді

ХІІІ Ұлттық жастар Дельфийлік ойындарының облыстық байқауы өтілді

 

2017 жылдың 17 мамыр күні облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де ХІІІ Ұлттық жастар Дельфийлік ойындарының облыстық байқауы өтті.

Ұйымдастырушы: Оңтүстік Қазақстан облысының  жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі.

Байқаудың негізгі мақсаты – Қазақстанның дарынды талантты жастарын қолдау және таныту, Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерінің негізінде  жас буынның патриоттық санасын қалыптастыру және өз еліне деген сүйіспеншілігін арттыру; ұлттық мәдениетті сақтау және дамыту, мәдени мұраны молайту, ел ұлыстары арасындағы мәдениаралық диалогты дамыту және көтермелеу, жастардың өзге мәдениеттерге деген қызығушылығын оята отырып оларды толерантты рухта тәрбиелеу, орындаушылардың кәсіби өсуіне ықпал жасау; жастардың бойындағы шығармашылық қабілеттерін, өнерге деген құштарлығын   арттыру.

Аталған байқауда жастар шығармашылық саланың 15 түрі: фортепиано, баян-аккордеон, скрипка, ұлттық аспаптар: домбыра, қыл-қобыз, прима-қобыз, академиялық ән салу, дәстүрлі ән салу, эстрадалық ән салу, халық биі, классикалық биі, қазіргі заман биі, бейнелеу өнері, журналистика поэзия және ұлттық қолөнер шығармашылығы, ым-ишарат тілінде ән айту бойынша сайсықа түсті.

Номинация бойынша өткен шығармашылық байқауға қатысуға 15 аудан, қалалардан 200-ден аса жастар қатысып, олардан үздік деп танылған өнерпаздар республикалық байқауға  жолдама алды.

Оларға төрелік етіп, қабілетін сынайтын, әділ-қазылар алқасының қатарында: ҚР білім беру ісінің үздігі, ҚР Мәдениет қайраткері, «Ы.Алтынсарин» медалінің иегері Мажитова Наталья Васильевна;                      ҚР Суретшілер Одағының мүшесі,  Халықаралық симпозиумдарының қатысушысы Бекенов  Мұхтар  Аппазұлы; ҚР мәдениет саласының үздігі, хореограф, Оңтүстік Қазақстан саз колледжінің «Хореографиялық өнер» бөлімінің меңгерушісі Лачук Надежда Антоновна; Республикалық  «Шабыт» фестивалінің лауреаты,

пианист-концертмейстер Жомартова Зарина Кенжетайқызы; ОҚО «Қазақ саңыраулар» қоғамдастығының төрайымы Касымова Тамара Николаевна; Облыстық, Республикалық және Халықаралық байқаулардың  лауреаты Толыбаева Күмісай  Әділханқызы; Сазгер, «Қазақстан-Шымкент» телеарнасының үйлестіруші-редакторы Асанов

Айжігіт Қалмұрзаұлы сынды өз саласының білгірлері бар.

Айта кетейік, 1-5 қараша күндері Ақмола облысы, Степнагорск қаласында өткен Ұлттық жастар Дельфий ойындарының Республикалық байқауында ОҚО-нан 8 номинация бойынша 21 қатысушы шығармашылық додаға қатысып, нəтижесінде ОҚО қоржынына  Оңтүстік Қазақстан саз колледжінің студенттері дəстүрлі əн салу номинациясы бойынша Ақжол Өсербай, қыл-қобыз номинациясы бойынша Рахымжан Нұрлыхан, халық биі бойынша “Қаракөз” би ансамблі, домбыра номинациясы бойынша Дастан Ибрагим алтын медальге ие болса, театр бойынша Х.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-ң студенттері (Түркістан қаласы) күміс медальді қанжығаларына байлады.

 

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР САЯСАТЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» КММ баспасөз қызметі көмегімен “Медиаон” ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.