Басты бет > Мәдениет > ХХI «Қазақ романсиадасы» романс орындаушыларының байқауы өтуде

ХХI «Қазақ романсиадасы» романс орындаушыларының байқауы өтуде

7
views

2018 жылғы 25-26 қазан күндері Түркістан облысының Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, «Южный Казахстан» қоғамдық-саяси газеті және славян ұлттық мәдениет орталығының ұйымдастыруымен ХХI «Қазақ романсиадасы» романс орындаушыларының аймақтық ашық байқауы биыл 21-рет өткізілуде.

Биылғы өнер додасына 70-ке жуық үміткер қатысуда.
Байқауға  Ресей Федерациясының Еңбек сіңірген өнер қайраткері, Еңбек сіңірген әртісі Преображенская Галина Сергеевна, ҚР еңбек сіңірген әртісі, мемлекеттік сыйлықтың иегері, ҚҰУ-нің кафедра меңгерушісі, академик Абилов Шахимардан Қайдарұлы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық байқаулардың лауреаты, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының доценті Кенжебеков Ұлан Мырзақасымұлы, Өзбекстан Республикасының халық әртісі, Өзбекстан Мемлекеттік академиялық театрының көркемдік жетекшісі, профессор Раджабов Аваз Акбарович, Қазақстан Республикасы Халықтар достығы ассамблеясының мүшесі Кирюхин Юрий Георгиевич, облыстық опера және балет театрының солисті, халықаралық байқаулардың лауреаты Расқалиева Гүлжан Климқызы төрелік етуде.
Ресей Федерациясының өнер қайраткері, Еңбек сіңірген әртісі Галина Сергеевна Преображенская байқауды ұйымдастыруға қолдау көрсетіп, жыл сайын басы-қасында болып, әр қорытынды гала-концертті өзі жүргізуі, сөзсіз байқаудың деңгейін көтеріп, тыңдармандарына айрықша әсерге бөлеуде.
Сонымен қатар, жыл сайын байқау жеңімпаздарына желтоқсан айында Ресей Федерациясының Мәскеу қаласындағы Одақтар үйінің Колонна залында өтетін дүниежүзілік романс орындаушыларының қорытынды байқауына қатысу үшін жолдама беріліп келеді.
Романсиаданың жеңімпаздары — Абдумалик Абдукаюмов, Дина Хамзина, Береке Енкебаева, Рамиз Усманов, Илона Тен, Бауыржан Исаев, Қаракөз Абдушарипова, Жеңісбек Пиязов, Бахыт Жақыпов Еуропа, ТМД елдері мен еліміздің ең танымал сахналарында өнер көрсетіп жүр.
Байқау «Кәсіпқой және студенттер» және «Қазақ романсы» номинациялары үшін өткізіледі.
Бүгінде романсиада Орта Азия мемлекеттері мен алыс және жақын шет елдерден, еліміздің барлық облыстарынан үміткерлер қатысатын танымал байқауға айналды.
Қазақ романсиадасы жыл өте аяққа нық тұрып, жылдан-жылға түрленіп,  қазақ романстары мен қазақ академиялық вокалдық музыкасын насихаттап келеді.
Дәстүрлі өнер додасының гала-концерті және марапаттау рәсімі 26 қазан күні,  сағат 19.00-де «Түркістан» сарайында  өтеді.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *