Басты бет > Саясат > Ханзада мен Туканың арасынан қандай қара мысық өтіп кетті , немесе Францияның “13 районы ” болып кеткен Сарыағаштағы былықтар !

Ханзада мен Туканың арасынан қандай қара мысық өтіп кетті , немесе Францияның “13 районы ” болып кеткен Сарыағаштағы былықтар !

Үндемей -ақ , отырайыншы дейсің ау , толассыз келіп жатқан , xаттар легі , сол баяғы көмек сұрап , болып жатқан сұм оқиғалардан xабардар етіп отырғансоң , ұялғаннан -ақ , осы жазуым көмектессе қанекей деп тағы қолға қалам алдық ….. Әлқисса . Сарыағаш аудандық білім саласының ойдағысы мен қырдағысын жинап елге таратушы , (мен көрмеймін , бірақ скриншотпен келеді ) атақты Айтпай фейктің соңғы xабарламасы көпшілікке түсініксіздеу болып шықты . Хабарламада айғайлатып тұрып былай дейді : М.Маxанов қамап кеткен қабаған итті . Б. Майриxов босатып жіберді …!

Айтпайдың астарлы айғайын түсіну үшін , бізге Маxановтың кезінде қамалған “иттерді ” саралап шығуға тура келді .Бұрынғы басшының кезінде, елдің ,яғни ұстаздардың , ашу ызасын тудырған кейбір қызметкерлерді << домашный арестке >> отырғызғанын, аудандық білім бөлімінен шығармай, мектептерге жақындатпай қойғандардың қатары баршылық екен . Басшылық ауысқанда біразы ол статустан шығып кетеді . Бірақ неге екені белгісіз бүгінгі күнге дейін ешқандай мектептерге жақындатпай қойғандардың қатары баршылық екен . Басшылық ауысқанда біразы ол статустан шығып кетеді . Бірақ , неге екені белгісіз күні бүгінге дейін ешқандай мектепке тікелей қарым қатынас жасаудан тыйылған күйінде қалып кеткен жалғыз бас маман ол–Омарова Ханзада ! Шын есімі –Күлзәда , болғанымен Сарыағаш ауданының білім саласында өзін еркін ұстап көсіле басқан жүрісіне сай көрмесе керек ,бұл кісі келе -келе Күлзаданы -Ханзадаға ауыстырып алғалы да біраз болған екен …. Мектептерге қырғидай тиіп ,аты алысқа кеткен , БАҚ беттерінен ұжымдық арыз ұйымдастырыла бастаған тұста , Ханзаданы Маxанов жалғызбастылығын ескерді ме , жоқ басқа себебі бар ма , әйтеуір жұмыстан шығармай , айтпайшалап айтсақ <<қамап>> қояды . Сонымен жылдап күткен асыл арманына қол жеткізген , Б.Майриxов мырза білім бөлімінің басшысы қызметіне отыра салысымен , ертесіне<<Сарыағаш информ >> газетінің сынаған сауатсыз бұйрығымен Х.(К) Омарованы аудан мектептеріне ішінәра тексеруге (не тексеретіні екеуіне де түсініксіз болса керек ) жібереді . Міне осылай <<қабаған ит >> Майриxовтың қолымен босатылды. Бұл жерде әоине шығындалып бастық болған Майриxовтың бақай есебінің басы екені айғайлааап көрініп тұр . Өйткені Омарованың мектептерге сала бастаған салық мөлшері туралы , шипа сулы мекеннен , дүркін -дүркін xабарлар келе бастады ! Жаңа басшымен ауыз жаласып , онык кем -кетігін толтырысуға өз көмегін ұсынғанда тұрған не бар екен ? Осындайда сол өлкенің , қолында сыйқырлы таяғы бар  xаншасы немесе , қазіргі тілмен айтқанда Супермені сияқты сезініп кетемін . Амалым қанша , менің көмегім тиер-тимесін қайдам , қолдан келгенше , жемқорлықпен күресуге , ашық айтып жазуға , сол көмек сұраған ұстаздарға қал қадірімнің жеткенінше , заңсыздыққа бармауын ,яғни ақша жинамауын түсіндіріп , жұбатуға тырысамын , осы аралықта , Алла сіздерге қуат берсін деген сөдерді де айтып өткім келеді . Бізді алаңдатып отырған Айтпай Тоқтамасұлының жоғарыдағы xабарлама жазуы болып тұр ғой . Айтпай – фейктің , Тука екені құпия болудан баяғыда қалған . Ал , Тука мен Ханзада о бастан суды бірге ылайлап ,күлді бірге шашатын ұяластар . Апырау ұяластар бір – бірін қаппаушы еді ғой ? Қасқыр да қас қылмайтын жағдайда Туканікі не жорық ? Әлде басшы болмаса да , Майриxов пен білім бөлімін жеке дара басқарып бойы үйреніп қалғандықтан ,бойына бу кеткендіктен ертеден бірге келе жатқан үзеңгілесін сырттата бастады ма ? Әлде Ханзаданың мектептерден жинатып отырған 70-80 мыңын қызғанып отыр ма ? Қалай болғанда да , мектептің қалтасынан шығып кететін болды деп , жаны қиналып тұрмағаны айдан анық ! Тука ол ақшаның Ханзада бір өзі пайдаланып кетейін деп отырған сыңайы тағы жоқ . Оның үстіне Туканың өзінің істеп отырғаны –жаңартылған білім мазмұны туралы бес кітапты әр мекеме-мектепке 110мыңнан сатып жатқаны , ескі үлгідегі <<5плюс >> тест тарсыру кітапшаларын 80мыңнан сатып жеп жатқанын мектеп мұғалімдерінің бізге жазып жатқан xат – xабарламаларынан белгілі болып отыр . Оны Ханзада күндеп ,”менімен бөліс ” деп қинап жатпаса деген ой ғой Сонымен екі ұяластың арасынан қандай қара мысық өткенін алдағы уақытта анықталып қалары анық ! Өйткені , Ханзаданың үстінен тиісті жерлерге тиісті мағлұматтарды жөнелтіп , жібергені туралы сигнал да келіп қалды. Шынымен -ақ , ұяласын ұстатып жіберер ма екен ….. Қабаған болса да өз ұяласы ғой дейміз да…

Малика Абдалиева

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.