Басты бет > Спорт > «Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет».

«Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет».

118
views

Сакен НУРЖАУТОВ, Назарбаев Зияткерлік мектептері ПШО Шымкент қаласындағы филиалының тренері: ЗИЯТКЕРЛІККЕ ЖОЛ БАСТАР — ТИІМДІ БАҒАЛАУ ҮДЕРІСІ

Шоқан УӘЛИХАНОВ.

Қазақстан тәуелсіздік алғалы ширек ғасыр – 25 жыл толып отыр. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы кешегі хас батырларымыз Қабанбай мен Бөгенбайлар, бертін келе азаттықтың туын желбіреткен Амангелді мен Махамбеттер, Кеңес одағы тұсында Алашорда құрамын деп қуғын-сүргінге ұшыраған Ахмет, Мағжан, Міржақыптардың аңсаған армандарын орындап, еліміздің тәуелсіз, дербес өмір сүруінің кепілі болып табылады. Алғашқы күндерден-ақ Қазақстанды басқаруда сарабдал саясат ұстанып, «Ең әуелі экономика, одан кейін саясат»,- деген бағытты ұстанып, халықтың әл-ауқатын жақсартып, өзекті мәселелерді шешіп, ішкі саясатты сыртқы саясатпен үндестіре, үйлестіре отырып еліміз толағай табыстарға қол жеткізіп отыр.

Білім беру саласы да орасан өзгеріске ұшырап отыр. Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ жанындағы Педагогикалық шеберлік орталықтары тарапынан елімізде мұғалімдерді деңгейлік бағдарламалар бойынша ұстаздар қауымының «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында біліктілігін арттыру» курстары жүзеге асырылуда. Оңтүстік өңірде 2012-2013 жылдары «Физика-математика бағытындағы Назарбаев ДББҰ» және «Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ» сынды бірегей оқу ордалары ашылып, жаңартылған білім беру бағдарламасымен жұмыс жасай бастады. Аймақтардағы жалпы білім беретін мектептердің барлығы дерлік кең жолақты интернетке қосылып, материалдық-техникалық базасы жаңартылуда, үш ауысымдағы мектептерге жаңа ғимараттар салынып, ескі ғимараттар қайта жөндеуден өтіп, оқушылардың толыққанды жұмыс жасауына мүмкіндіктер жасалуда.

Бүгінгі таңда балаларымыз «5» деген бағаны алғаннан кейін «Нені оқу керек? Қай бағытта жұмыс жасау керектігі» жөнінде ақпарат алмайды. Ертеңгі күннің тақырыбына қатысты ақпарат іздемеуі де мүмкін. Сонымен қатар балаларымыз дәстүрлі оқытудағы тәсілдерді қолданатын мұғалімдеріміз қойып жүрген бағалау үдерісінің салдарынан оқуға деген ынтасын жоғалтып алуда. Себебі «5», «4» деген бағаны балалар не үшін алғанын түсінбейді. Мысалы бастауыш сыныпта «Әдебиеттік оқу» деген пәннен бір оқушы белгілі бір өлеңді жатқа айтқаны үшін «5» деген баға қоямыз, ал келесі оқушы өлеңді жатқа айтады әрі буын санына қарай талдау жасайды мұғалімдеріміз ол оқушыға да «5» деген баға қояды. Немесе физика пәнінен бір бала тартылыс заңының ережесін жатқа айтады оған «5», ал ережесін айтып әрі тәжірибе жүзінде дәлелдеп берген оқушы да «5» деген баға алады. Үлгерімі төмен оқушыларға көп жағдайда үштік бағалар дәптерге ережелерді жазып немесе оқып бергені үшін қойылуы мүмкін. Осы тұста бағалауды тиімді ету үшін еліміздегі білім беру саласына критериалды бағалау жүйесі ендірілуде.

Нақтырақ айтқанда Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы менеджерлерімен «Критериалды бағалау жүйесін енгізу бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілерінің біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы» бойынша облысымыздағы мектептердің 1060 оқу ісі жөніндегі орынбасарлары арнайы курстан өтті. Олар өз кезегінде мектептерінде 2016-2017 оқу жылында 1-сынып оқушыларына алдағы уақытта кезең кезеңімен барлық сыныптардың бағалау жүйесіне енгізілген өзгерістің ерекшеліктерін мектеп мұғалімдері мен оқушылар және ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізеді деп күтілуде.

Оқушылардың белгілі бір кезеңдегі білім деңгейін анықтау үшін ең әуелі білім алушылардың оқу жетістігін бағалау үдерісі мен критериалды бағалау үдерісімен жұмыс жасаймыз. Ол үдерістерге төмендегіше анықтама беруге болады.

Оқу жетістігін бағалау — білім алушының кері байланыс арқылы оқу мақсаттарына сәйкес жоспарланған білім беру үдерісін реттеу және түзету арқылы нақты қол жеткізген нәтижесін белгілеу үдерісі.

Критериалды бағалау – оқушылардың оқу жетістіктерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес, ұжым ішінде өң-делген, оқушыға, ата-анаға және мұғалімге түсінікті нақты анықталған критерийлерге негізделген үдеріс.

Критериалды бағалау жүйесінде екі үдеріс өте маңызды болып табылады. Бірі қалыптастырушы бағалау екіншісі жиынтық бағалау деп аталады.

Қалыптастырушы бағалау – оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін және оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін бағалаудың түрі болып табылады.

Жиынтық бағалау – белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, триместр, оқу жылы, орта білім деңгейі), сондай-ақ оқу бағдарламаларындағы бөлімдер/ортақ тақырыптарды аяқтаған кезде балл және баға қою арқылы жүргізілетін бағалау түрі

Қалыптастырушы бағалау үдерісінде балаларымыз күнделікті тапсырманы қай деңгейде меңгергенін біліп қана қоймай, ол қателерді дер кезінде түзетуге мүмкіндік алады. Мұғалім оқушыларға кері байланыс беру арқылы жетістіктері мен ұсыныстарын білдіре алады. Қалыптастырушы бағалау балы ресми тіркелмейді.

Жиынтық бағалау үдерісі қалыптастырушы бағалауға қарағанда біршама ерекшелігі бар. Нақтырақ айтқанда балалардың белгілі бір оқу кезеңіндегі (І-ІVтоқсандарда немесе оқу жылы) білімінің қай деңгейде екенін көрсетуі қажет. Жиынтық бағалау бөлімдер санына байланысты бірнеше рет «Бөлім бойынша жиынтық бағалау»өткізіледі. Ал тоқсан соңында бір рет балдық жүйемен тоқсандық жиынтық бағалау өткізіледі. Бұл нәтижелер біріктіріліп, ресми түрде тіркеліп, бағаға айналдырылып қойылады.

Оңтүстік Қазақстан ғана емес Республика мұғалімдеріне «Критериалды бағалау жүйесін» сабақтарға қалай ендіру қажет, тапсырмаларын әзірлеп, ерекшелігін таныстыру мақсатында Назарбаев Зияткерлік мектептері Педагогикалық шеберлік орталығы Шымкент қалалық филиалы және барлық филиалдар бар күш-жігерін салып жұмыс жасауда. Алдағы уақытта бұл өзгерістер жаңа бағдарлама, критериалды бағалау жүйесінің ендірілуі өз оң нәтижесін береді деген сенімім мол.

 

 

 

ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ОРНАТУ МЕН БІЛІМДІ ТАРАТУ – КӨШБАСШЫЛЫҚТЫҢ БАСТЫ МІНДЕТІ немесе №11 РЕСУРСТАҒЫ ОҢ ІСТЕР

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын және Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын енгізу аясында жаңартылған білім беру мазмұнына сатылай көшу орындалып жатыр. Ауданымызда «Жаңартылған білім беру мазмұнын тәжірибеге енгізу туралы» Сарыағаш аудандық білім бөлімінің 23.08.2016 ж. күнгі №313 бұйрығына сәйкес Назарбаев зияткерлік мектептерінің озық педагогикалық тәжірибелерін тарату және жаңартылған орта білім беру мазмұны аясында тұрақты түрде оқыту семинарлары мен әдістемелік жұмыстарды жүйелі ұйымдастыру, мектептер арасында желілік қоғамдастық құру мақсатында жаңартылған білім беру мазмұнын ендіру орталығы ашылып, жұмысы жолға қойылды. Осы орайда, бүгін біз Сарыағаш ауданындағы Л.Жолдасов атындағы орта мектептің директоры, №11 ресурстың көшбасшысы Мұхаммедғафур Лесбекұлымен сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.

– Құрметті Мұхаммедғафур Лесбекұлы! Өзіңіз басқарып отырған ресурстық орта-лыққа қанша мектеп ұйымдастырылған? Ресурстық орталықтың атқарып отырған қызметі, тыныс-тіршілігіне тоқталып өтсеңіз? Алдағы жоспарларыңыз…

– Мемлекетіміз қашан да білім мен тәрбие беру мәселесіне ерекше маңыз беріп келеді. Оның нақты дәлелі – Елбасымыз белгілеген «100 нақты қадам» бағдарламасы. Аталған Ұлт жоспарының әрбір жолының мазмұнында «Біздің ел, біздің ұлт, біздің болашақ» атты жасампаз бағдар айқын көрініс тапқан. Ендеше, білім беру жүйесі жаңартылады. Яғни, білім – әлемдік, тәрбие ұлттық деңгейде болуы тиіс. Бұл ретте мектеп мұғалімдеріне жүктелер міндет жүгі де ауыр екендігі анық.

Баршамызға белгілі биылғы 2016-2017 жаңа оқу жылында Сарыағаш аудандық білім бөлімі бойынша 14 ресурстық орталық базалары құрылып, соның ішінде №11 ресурстық орталық базасының жетекшілігі қызметі маған бекітіліп берілді. Ресурс орталығы болуына бірден бір себеп біздің мектебіміз осы аймақтағы мектептердің қара шаңырағы десек те артық айтқандық болмас, өйткені аймақтағы көптеген мектептер кезінде осы мектептен бөлініп шыққан. Біздің ұжым өте үлкен, мұнда өз ісінің шеберлері, білімді де білікті, тәжірибелі, жаңашылдыққа жаны құмар, ізденімпаз мамандар қызмет етеді. Біз, мектеп көшбасшылары, мектеп модераторы, мектеп тренері, шығармашылық топ мүшелері, тәлімгерлер бірлесе жұмыс жасай отырып, мектепті дамыту жолында бар күш-жігерімізді салып қызмет етудеміз.

«Тиімді желінің ең басты ерекшелігі сенімділік болып табылады. Бірлесіп жұмыс істеген кезде желіге қатысушылар сенімге негізделген қарым-қатынас құрудағы мүмкіндіктерін ұлғайтады» деген ұғымды негізге ала отырып, мектептер aрacындa ынтымaқтacтық орнaтып, өзaрa тәжiрибе aлмacуды жетiлдiру мақсатында біздің Л. Жолдасов мектебі №11 ресурс орталығының базасы болып бекітілді. Оның құрамына 11 мектеп енгізілді.

– Ресурстық орталықтың атқарған істеріне тоқталып өтсеңіз?

– Аудан мектептерінде «Жаңартылған білім беру мазмұнын іске асыруды тәжірибеге енгізу аясында бірлескен іс–әрекеттерді ұйымдастыруға арналған нұсқаулықты» басшылыққа ала отырып, аймақтағы мектептерден «Шығармашылық топ» құрылды. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, мектептің даму аймағын құру, оқу-тәрбие үрдісіндегі іс-тәжірибе нәтижесін жинақтау, сараптау, мониторинг дайындау және мектептің оқу-тәрбие процесінде кедергілерді анықтау, жою мақсатында «Бірлескен іс-әрекеттерді ұйымдастыру арқылы мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру» тақырыбында ресурстың даму жоспары жасалып, бекітілді. Аймақ мектептерінде модераторлар сайланып, «Ізгілік» кәсіби қоғамдастығы аясында, он бір кәсіби қоғамдастық құрылды. Олар:

«Л.Жолдасов» жалпы орта мектебінің «Ізденіс» кәсіби қоғамдастығы модераторы: Кушаева Гүлнар химия пәні мұғалімі; «М.Маметова» жалпы орта мектебінің «Зияткер» кәсіби қоғамдастығы модераторы: Бектегенова Гүлнар география пәні мұғалімі; «М. Горкий» жалпы орта мектебінің «Шуақ» кәсіби қоғамдастығы модераторы: Нұрманова Меруерт биология пәні мұғалімі; «Қ. Сәтбаев» жалпы орта мектебінің «Са-мұрық» кәсіби қоғамдастығы модераторы: Әбуов Нұрғазы информатика пәні мұғалімі; «Ғ. Мұратбаев» жалпы орта мектебінің «Болашақ» кәсіби қоғамдастығы модераторы: Темірқұлова Жәмила қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі; «Ленин» жалпы орта мектебінің «Зерде» кәсіби қоғамдастығы модераторы: Қыдырова Нұржамал бастауыш сынып мұғалімі

« А. Оразбаева» жалпы орта мектебінің «Бәйтерек» кәсіби қоғамдастығы модераторы: Садықұлова Ұлбосын тарих пәні мұғалімі.

«Ақжар» жалпы орта мектебінің «Өркен» кәсіби қоғамдастығы модераторы: Мырзакулова Гүлнар бастауыш сынып мұғалімі; « Көгерту» бастауыш мектебінің «Жарқын болашақ» кәсіби қоғамдастығы модераторы: Коршиева Бақтыгүл бастауыш сынып мұғалімі; « С.Мұқанов» бастауыш мектебінің «Самғау» кәсіби қоғамдастығы модераторы: Оңалбаева Хулкар бастауыш сынып мұғалімі; .«Октябрь» жалпы орта мектебінің «Дарын» кәсіби қоғамдастығы модераторы: Жаназаров Бақыт қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

– Жалпы алғанда ресурстық орталықтардың мақсаты не? Білім беру мен ұрпақ тәрбиесінде алар орны қандай?

– Ресурстық орталықтың негізгі мақсаттарының бірі: іс-тәжірибе барысында туындаған өзекті мәселелер бойынша ке­ңес беру және тәжірибе алмасу. Бірлескен іс-әрекеттерді ұйымдастыру арқылы мектептерді дамыту. Мектептерде кездескен проблемаларды дер кезінде бірлесе отырып шешу жолдарын қарастыру. Нысаналы мектептердегі іс-әрекеттерді зерттейді, кедергілерді анықтайды, шешімін бірлесіп табады.. Жоспарға сәйкес іс-шараларды ұйымдастырады, қорытындысын жариялайды. Атқарған жұмыстары туралы әр айдың соңында есептердің жинақталуын бақылайды, қабылдайды. Жұмыс барысы тәлімгерлік үдерісі, кәсіби желілік қоғамдастық арқылы жүзеге асады.

«Адамгершілігі барлар, басқаларға тірек болады, осыны өздері қалайды, басқаларға жетістікке жетуге көмектеседі, өзі де сол жетістікке жетуді қалайды» — деп қытай ойшылы Конфуций айтқандай, біздің мектеп ұжымы жоспарға сәйкес өз мектебіміздегі оқыту мен оқудағы кедергілерді және аймақтағы мектептерде кездесетін кедергілерді анықтап бірлесе отырып шешу жолдарын қарастырып келеді.

– Жұмыс барысында кездескен кедергілерді қалай еңсеріп жатсыздар және мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтеруі қай деңгейде?

– Нысаналы мектептердегі жұмыс барысында келесі кедергілер анықталды: мектеп бойынша бірде-бір мұғалімдердің біліктілікті арттыру бойынша деңгейлік курстан өтпегені, бірлескен іс-әрекеттердің ұйымдастырылмауы. Мұндай мәселелерді шешу мақсатында бұл мектептерге тәлімгерлік мектептер бекітілді. Оқу тәлімгерлерінің іс-сапарлары ұйымдастырылып, шеберлік сыныптары, кішігірім семинарлар өткізілді, мектеп көшбасшы модераторларымен желілік қоғамдастық құрылды. Пән көшбасшыларынан, оқу тәлімгерлерінен және тәрбие саласы көшбасшыларынан мобильдік топтар құрылды. Олар өз жұмыс кестесін түзіп нысаналы мектептерді, пәндерді, сыныптарды анықтап, сол мектептің мұғалімдеріне кәсіби қолдау көрсету, мәселені бірлесе отырып талдау, талқылау, ақпарат бөлісу, ортақ шешімге келу мақсатында бірлесе жұмыс атқаруда. Аймақ модераторы Г.Оспанова мобильдік топ жұмысының орындалуын бақылай отырып, апта сайын кері байланыс жасап отырады.

– Өзіңіз басқаратын ресурстық орталықта мұғалімдердің кәсіби шеберлігін шыңдау жағы қалай болып жатыр?

– Ресурс орталығында жоспарға сай мұғалімдердің кәсіби шеберлігін шыңдау мақсатында аймақтық «Үздік тәлімгер», «Ең үздік шебер сабақ» байқаулары өткізілді. Тәлімгерлер өз тәжірибелерін жақсарту мақсатында жүргізген зерттеу сабақтарының жинақтарын, оқыту мен оқудағы кедергілерді шешу барысында жинақтаған тәжірибелерін ұсынды. Аймақ бойынша, «Л.Жолдасов» мектебі химия пәні мұғалімі, І (ілгері) деңгей бойынша сертификатталған Г. Кушаева әріптесіміз жеңімпаз атанды. Тәрбие тәлімгерлеріміз өздерінің кәсіби шеберліктерін, білімін, біліктілігі мен дағдыларын «Октябрь» мектебінде ұйымдастырылған «Үздік тәрбие тәлімгері» байқауында көрсете білді. Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені «Октябрь» мектебінің тәрбие тәлімгері Г.Маханова қанжығасына байлады. Ғ.Мұратбаев мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Субанова Бибігүл «Ең үздік шебер сабағы» байқауының жеңімпазы атанды.

Сондай-ақ, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, отбасылық құндылықтарды қадірлей білуге баулу, әрбір мәселеге қатысты өзіндік пікірлерін қалыптастыру мақсатында 7-11 сынып оқушылары арасында «Анаға хат» тақырыбында, Тәуелсіз Қазақстанның 25 жылдығына орай оқушылардың отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімдерін нығайту мақсатында «Мен өз Отанымның патриотымын», «Тәуелсіздік – елдің ертеңі» тақырыптарында шығармалар байқауы өткізілді. Байқау нәтижесінде үздік шығармалар анықталып жүлделі орын иеленген оқушылар марапатталды.

Сонымен қатар №11 ресурс орталығында аудандық білім бөлімі жаңартылған білім беруді ендіру орталығының әдіскері А.Құлқараевтың басшылығымен аймақтық семинар ұйымдастырылды. Семинардың мақсаты: кәсіби жұмыс пен оқыту үдерісін басқару туралы ұжымдық білімді дамытатын бірлескен жұмыс тәсілдерін әзірлеу. Әр пән бойынша қатысушы мұғалімдер секцияларға бөлініп, қысқа мерзімді жоспарлауда өз сабақтарына тиімді әдіс-тәсілдерді ықпалдастыру жолдарын қарастырды. Сондай-ақ критериалды бағалау жүйесі туралы ой бөлісіп әрбір тапсырмаға критерий қойылған жағдайда оқушылар білімі нақты, әрі әділ бағаланатынына көз жеткізуге мүмкіндіктер жасалды.

«Білік біліп төрден орын аларсың, білік білсең күшті берік адамсың» — деп, Ж.Баласағұн айтқандай қазіргі заман ұстаздардан терең білім мен қатар білікті маман болуды талап етіп отырғаны баршаға аян.

Желтоқсан айында мектебімізде желілік қоғамдастық құру арқылы педагог қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында «Жаңартылған білім беру мазмұнын ендіру аясында бірлескен іс-әрекеттер арқылы мақсатты нәтижелерге қол жеткізу» тақырыбында аймақтық семинар болып өтті.

Семинарға қатысушы мектептер өз жұмыстарының жемістерін көрсету мақсатында көрмелер ұйымдастырды. Көрмеге қойылған оқушылардың жасаған қолөнерлері, түрлі макеттер, бүктемелер көздің жауын алып, келген қонақтардың жоғары бағасына ие болды.

Семинар барысында 9 шеберлік алаңы жұмыс жүргізіп, №11 ресурс орталыққа қарасты мектеп мұғалімдері өз тәжірибелерінің озық тұстарын көрсете білді. «Л.Жолдасов» мектебі алаңындағы келген қонақтар арасында жағымды орта құру мақсатында Г.Оспанова «Шеберлік сыры» тренинг жаттығуын жүргізді. «Шығармашылық жұмыс-ізденімпаздық кілті» тақырыбында мектептегі шығармашылық топтың жүйелі жұмысымен таныстыру мақсатында Ұ.Нысанбаева мен Г.Қошаева таныстырылым жасады. Іс-әрекетті зерттеуде «Жаңартылған бағдарлама аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары» тақырыбында Ж.Алипова, З.Сәрсенова, А.Жұманова, Г.Қошаева, Г.Молдабековалар нысаналы сыныпта зерттеу сабағын жүргізе отырып сабақта қолданылған әдіс-тәсілдердің тиімді, тиімсіз тұстарын нақтылап көрсетті. Р.Мұстапаева ТВ шоу «Серпіліс» бағдарламасы негізінде «Тәрбие тетігі кімде…» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырып тәрбие саласындағы түйткілді мәселелердің шешімін табуға тырысты

«А.Оразбаева» мектебі алаңында жағымды ахуал орнату мақсатында Сауранова Ж «Тәуелсіздік шыңдары» тренингін өткізді. Ұ.Садыкұлова «Мұғалімнің кәсіби дамуына ықпал ету» атты тақырыбында таныстырылым жасады. Зерттеу сабағын қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Б Нұрымбетов «Шалкиіз жырау» тақырыбында жүргізіп, өз сабағына әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білді. Ұ.Садықұлова «Мұғалім бақыты» бағдарламасы арқылы мінсіз мұғалім бейнесін жасап көрсетуге тырысты.

«Ғ.Мұратбаев» мектебі алаңында «Жаңартылған бағдарлама аясында оқу үрдісінде оқушының танымдық қабілетін арттыру арқылы өзін-өзі реттеу» тақырыбында жұмыс жасай отырып, «Танымдық белсенділікті дамыту құралы» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімі Н.Алишерова тренинг жүргізсе, «Жаңартылған білімге – ұжымда жаңаша көзқарас» тақырыбында Г.Абдиева таныстырылым жасап, жаңа бағдарламаның қыр-сыры туралы ой қозғады. Жырдағы ұлттық мәдениет, тұрмыс-салт көрінісі» тақырыбында зерттеу сабағын қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ж.Темірқұлова жүргізіп, өз тәжірибесімен кеңінен бөлісті. Н.Сәрсенбеков ТВ шоу бағдарламасы негізінде «Тәрбие тетігі кімде…» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіп, тәрбие саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.

Семинар соңында мектеп тәлімгері Ұ.Айқынбаеваның ұйымдастырумен Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай «Тәуелсіздік тұғыры биікте» тақырыбында кеш өткізілді. Мектебіміздің мұғалімдерінен құрылған оркестр «Келіншек» күйін тәуелсіздікке тарту ретінде шебер орындаса, 9 сынып оқушылары әсем биімен көзге түсіп, қонақтардың алғысына бөленді.

Келген қонақтар ресурс орталығындағы жүргізіліп жатқан жұмыстармен егжей-тегжейлі танысып, бұл семинардан өздеріне мол дүние, көптеген құнды идеялар алғанын жеткізді.

Аудандық білім бөлімі әдіскерлері тарапынан семинардың ұйымдастырылуы мен өткізілу деңгейі жоғары бағаланып, облыстық ғылыми конференцияға қатысуға ұсыныс жасалды. Осы орайда мектеп директоры, ресурстық орталық көшбасшысы ретінде – өзім және аймақ модераторы Г. Оспанова, мектеп тренері Р.Мұстапаева облыстық конференцияға қатысып алғыс хаттармен марапатталдық.

– Мектебіңіздегі қандай жетістіктермен мақтанар едіңіз?

– Жалпы жоғарыда айтылғандардың барлығында біздің мектептің де зор үлесі бар екендігі анық. Жетістіктеріміз де баршылық. Соның ішінде ерекше атап өтерім, жыл соңында аудан әкімі Қ.А.Абдуалиевтің қорытынды жиынында №89 Лесбек Жолдасов мектебі ауданның әлеуметтік –экономикалық дамуына ерекше қосқан үлесі үшін «Жылдың ең үздік мектебі» номинациясымен марапатталды.

Бұл жетістік біздің мектеп ұжымы үшін зор қуаныш, зор абырой алып келді.

Бұл жетістік мектеп ұжымындағы ұстаздардың өздеріне деген сенімі мен өз кәсібіне деген сүйіспеншіліктерін арттыра түскені анық. Келешекке нық қадам жасап, білім мен дағдыларды тең дәрежеде меңгерген тұлға қалыптастыруда тағы да толағай табыстарға жететінімізге кәміл сенеміз. Барлығы да тынымсыз еңбектің, ынтымақ пен бірліктің жемісі.

– Сұхбатыңызға рақмет! Еңбектеріңізге табыс тілеймін. Биіктерден көріне беріңіздер!

Сұхбаттасқан М. АБДАЛИЕВА

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *