Басты бет > Мәдениет > ФАРАБИТАНУШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАНУЫ МҮМКІН

ФАРАБИТАНУШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАНУЫ МҮМКІН

32
views

Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай, «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі» РМҚК мен «Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ  Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Киелі отырардың қасиетті мұралары» атты көрмесінің ашылу салтанатын өткізді.
Көрмеге еліміздің зиялы қауым өкілдері, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Жауапты хатшысы – Қуатжан Уəлиев,  Қазақстан Республикасы Парламентінің мәжіліс депутаты – Абай Тасболатов және Мемлекет жəне қоғам қайраткері — Қуаныш Айтаханұлы Айтаханов пен ақын Серік Сейітман қатысты.

Көрме аясында,  «Киелі Отырардан шыққан ғұлама ойшыл Әбу-Насыр Әл-Фараби мұралары» атты  дөңгелек үстел өтті.
Шараға елімізге белгілі фарабитанушы ғалымдар мен айтулы зиялы қауым өкілдері және Отырардан шыққан тұлғалар қатысты.
Дөңгелек үстел барысында түркі-ислам дүниетанымының бірегей туындылары болып табылатын ортағасырлық ғұлама еңбектерін зерттеп-зерделеу, жинақтау арқылы ғылыми айналымға енгізіп, отандық оқырман игілігіне айналдыру мәселелері ғылыми тұрғыдан талдап-таразыланды. Елімізде фарабитанушы жас мамандарды даярлау, исламтану және дінтану мамандарын ортағасырлық мәтіндермен жұмыс жүргізуге бағдарлау, діни мәтіндерді қазіргі білім беру үдерісінде пайдаланудың тиімді тетіктерін қалыптастыру, олардың насихатталуы мен танытылуын ұйымдастыру мәселелері де шара барысында сөз болды.
Бір айға жоспарланған көрме 30 сәуір күні қорытындыланады.

Медиаон ақпарта

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *