Басты бет > Саясат > ТӨРТ ҚҰЛАҚ ӘУЛИЕ

ТӨРТ ҚҰЛАҚ ӘУЛИЕ

Арыс станциясынан Сарыағаш қаласына барар темір жол бойында, қаламызға жақын жерде қасиетті Төрт Құлақ әулие тұр.
Ел аузындағы аңыз желісіне сүйенсек, әулие ерекше қасиетті кісі болыпты. Оның анасы Дүния бір балаға зар болып, егіліп жылағанда аналардың пірі Бибі Фатимадан оған адам баласынан төрт қасиеті артық ұл болатыны турасында аян келген. Алла тағала оны адам баласынан артық есту, есте сақтау, көру және түсіндіріп жеткізу секілді төрт қасиетті берген. Төрт Құлақ әулие осы төрт қасиетін адамзат игілігіне жұмсап, ұрпақтың ар-ожданнан, діннен аттамай, адал өмір сүруді уағыздаған екен. Дүниеден озар алдында:- Уа, пенделерім!

Мен сендерді ат тұяғы шаршайтын қашықтықтан көре аламын. Айтқандарыңды естимін, әрі есімде сақтай аламын. Келгендеріңе түсіндіріп жеткізе білемін. Басымдағы шырақшым үкі болады. Қараса, екі көзі отша жанып тұрады. Сықылықтап күлсе, пенденің тілеуі қабыл болғаны, сұңқылдап жыласа, үйіне барып жеті нанын тарқатсын. Ал үкі көзіне көрінбесе, немесе үндемей қалса, пендем келген ізімен кейін жылжысын. Хабар әруақтан болады. Адам баласын сүтіне (ұлтына) қарап айырмаймын. «Алла» деген сөзге тілін келтірсін. Себебі, жер анамыздың қай шетінде болсын, «Алла» сөзі төрт әріп, төрт дыбыстан тұрады,- деген екен. Төрт Құлақ әулиенің мүрдесі жатқан қасиетті жерге ежелден текті адамдар келіп, зиярат жасағаны тарихи еңбектерде көрсетілген.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.