Басты бет > Саясат > ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА МЕДИАТОРЛАРМЕН ЖҰМЫС- ЖОҒАРЫ ДЕНГЕЙДЕ! 

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА МЕДИАТОРЛАРМЕН ЖҰМЫС- ЖОҒАРЫ ДЕНГЕЙДЕ! 

Төлеби аудандық сотының төрағасы Сейтжапбаров Жәнібек Әлібекұлының ұйымдастыруы мен Киелітас ауылының қоғамдық медиаторлары сайланып, сонымен қатар әрбір ауылдық округтардағы медиаторлардың бірыңғай реестрі құралды. Әрбір ауылдық әкімдіктен медиаторлар кабинеттері ашылды. Қоғамдық медиаторлардың белсенді жұмыс жасауына сот төрағасы Жәнібек Әлібекұлы ұйытқы болып отыр. Осы орайда қоғамдық медиаторларға сот төрағасының ұсынысымен семинар-кеңес ұйымдастырылып “Құқықтық және Медиацияны дамыту орталығы” қоғамдық бірлестігінің төрайымы, тренер-медиатор Л. Асанова арнайы сертификаттар табыстады.

Төлеби ауданда қоғамдық медиаторлардың саны отыздан астам. Ауданның қоғамдық медиаторлары сот төрағасы Жәнібек мырзаға өз алғыстарын білдіріп, әрбір ауылда ынтымақ, ауызбіршілік, татулық сақтауға өзіндік үлкен үлес қосуға, атсалысуға дайын екендіктерін жеткізді.
Осы жылдың 26 қазан айында сот төрағасының бастамасымен қала мен ауылдардың әкiмдерi, мекеме басшылары, БАҚ өкiлдерi, кәсіби және кәсiби емес медиаторлардың қатысуымен «Медиацияның негіздері» тақырыбында оқыту семинар-кеңесі өткен болатын. Семинардың мақсаты: медиаторладың өз қызметі аясында медиация институтын дамыту арқылы- еліміздегі қоғамдық келісімді, ауызбірлікті, достықты, татулықты, ынтымақты қамтамасыз етуге ықпал жасау.
Семинар барысында:
• Дауларды баламалы шешу ұғымы және медиация ұғымы
• Медиацияның негізгі қағидаттары және құралдары
• Медиация және медиация рәсімі
• Тараптардың мүдделерімен жұмыс істеу
• Медиациядағы келіссөздер процесінің ерекшеліктері
• Даушарлар ұғымы және оларды жіктеу
• Медиацияда наразылықтарымен жұмыс істеу тақырыптары айтылып, талқыға салынған болатын.
Семинарға қатысқан, арнайы білім алған төлебилік медиаторлар өз қызметіне бүгінгі таңда кіріс та кетті.
Барлықтырыңызға сәттілік тілеймін!!!

Медиаон ақпарат