Басты бет > Мәдениет > ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА КИНО АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА КИНО АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

Төлеби ауданында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың “Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаласы аясында ОҚО Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының қолдауымен, “Оңтүстікфильм” мекемесінің ұйымдастыруымен өңірімізде түсірілген көркем және анимациялық фильмдер апталығының ашылу салтанаты өтті.

«Кино – руханияттың жаңғыру көзі» жобасының  бастау алуымен Төлеби аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Әсілбек Әуесбек Жақсыбекұлы құттықтап, “САҚ” киностудиясының авторлары Елеуов  Серікбай Жарқынбекұлы мен Үмбетов Алмат Исағалиұлын Төлеби ауданының әкімі Парманов Бұхарбай Рысқұлұлының арнайы алғыс хатымен марапаттады. Сондай-ақ, ауданның ең кішкене өнерпаздары “Балапан” би тобына облыстағы бірқатар іс-шараларға белсене атсалысқаны үшін ОҚО Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Асылхан Темірханның алғыс хаты тапсырылып, кино апталығына келген көрермендерге “Қалқанқұлақ” биін ұсынды. Жиын барысында балалар мен аудан тұрғындары облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлының идеясымен “САҚ” киностудиясы түсірген “Күш атасы – Қажымұқан”, “Отырарды қорғау” анимациялық фильмдері және “Көне жетігеннің сыры” көркем фильмін тамашалады.

М.Жұмабайқызы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.