Басты бет > Жастар > “ТӘУЕЛСІЗДІК ТАРТУЫ”

“ТӘУЕЛСІЗДІК ТАРТУЫ”

 

Өңірімізде тұңғыш рет қазақ фотоөнерін қолдау мақсатында «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының облыстық филиалы бірлесіп ұйымдастырған «Тәуелсіздік тартуы» атты фотобайқау өз мәресіне жеткен болатын.

Сонымен қатар,  «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әнуарбек Мұхтарханов тәуелсіздік құрдастарына салтанатты түрде партиялық билет табыстап, қоғамдық-саяси өмірге белсене араласып жүрген жастарды марапаттаған.

– Тәуелсіздіктің таңы атқан күні дүние есігін ашқан сіздер бақыттысыздар. Сіздерге тілерім – Тәуелсіздіктің елу жылдығын, жүз жылдығын көруге жазсын, – деді Әнуарбек Мұхтарханов.

«Нұр Отан» партиясының қатарына қабылданған жастар да ел ертеңі үшін аянбай еңбек ететіндеріне уәде берді. Ал екі айға созылған «Тәуелсіздік тартуы» атты фотобайқаудың қорытындысы бойынша жүлдегерлер арнайы дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.  №1 мектептің 8-сынып оқушысы Санжар Тілеухан мен екінші орынға ие болған.  Фотобайқаудың өтуіне демеушілік көрсетіп, үлес қосқан кәсіпкер Анар Мұзапарова бірінші орыннан көрінген Әлібек Тұрсымбетовке диплом мен бағалы сыйлықты тапсырды. Жарма ауданындағы «Ер Жәнібектің» ескерткішін ерекше етіп суретке түсіріп, байқауға ұсынған Әлібектің фотосы қазылардың жанарын  өзіне аударды. Үздік үш суретті анықтау үшін арнайы құрылған комиссия әр суреттің өзіндік ерекшелігіне, бояулардың қанықтығына, тақырыпқа сай болуына мән берді. Жалпы редакцияға облыстың әр түкпірінен жүзден астам сурет келіп түсті. Олардың сапасы мен тақырыпқа сәйкестігі ескеріліп газет бетіне жарияланып отырды.

Сағындық ЖАНЫСБАЕВ

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.