Басты бет > Білім > Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Шымкентте «АБАЙ ДАНАЛЫҒЫ – ХАЛЫҚ МҰРАСЫ» АТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Шымкентте «АБАЙ ДАНАЛЫҒЫ – ХАЛЫҚ МҰРАСЫ» АТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында данышпан ақын, ғұлама ойшыл хакім Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Әдет-ғұрып және салт – дәстүр орталығында «Абай даналығы – халық мұрасы» атты іс-шара өтті.

Тағылымы мол шараға мәдениет қызметкерлері, әдебиетсүйер қала тұрғындары, БАҚ өкілдері қатысты.

«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс», – деп Тұңғыш Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев атап өткеніндей «Абайдың 175 жылдығын» мерекелеу Президент Жарлығымен атап өтілуінің өзінде үлкен мән бар. Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлтымыздың ұлы ақынын ұлағаттауда ерекше жанашырлығы, тілге, әдебиетке деген жанашырлығы, Абай Құнанбаевтың шығармашылығына деген ұлы құрметі деп білуіміз керек.

Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Әбдіжаппар Сәкен ақынның көркем құндылықтарға бай әдеби шығармалары арқылы ұлттық рухымызды мәңгі есте сақтау және Абай мұрасын дәріптеуге арналған шаралар өз жалғасады деп атап өтті.

Шымкент қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің меңгерушісі Зәуре Оралбаева Абайдың қара сөздерін «адам баласы туылғанынан өмірінің басты ұстанымы етіп алса артық болмайды» деп, тағылымды іс-шарадан алған әсерін атап өтті.

Орталық директоры, мәдениет саласының үздігі Жәнібек Тағаев өз сөзінде «Абай шығармаларын жас ұрпақ бойына ана сүтімен сіңіруге, қадір-қасиетін түсіндіруге әрбір қазақ атсалысу керек, ақын мұрасы – халқымыздың сарқылмас асыл қазынасы болып қала бермек» деп шараға келген қонақтарға алғысын білдірді.

Медиаон ақпарат