Басты бет > Қоғам > Тұлға құқығының басымдығы – азаматтардың қауіпсіздігі

Тұлға құқығының басымдығы – азаматтардың қауіпсіздігі

Тұлға құқығының басымдығы енген демократиялық конституциялық құрылыс философиясы әлеуметтік құндылық болып саналады. Конституция қоғам демократиялық құрылысының негізі болып табылғандықтан, ол демократияны реформалаудың басты кепілі. Сондықтан ол мемлекет пен қоғам тарапынан ерекше қорғалуы тиіс. Мемлекеттің Негізгі Заңы – бұл құқықтық жүйенің ядросы, бүкіл заңнамалық құжаттар негізделетін фундамент, мемлекеттің демократиялық дамуының тірегі мен мемлекеттік құқық өзгерістерінің процесі. Ол қоғамдағы тұрақтылықтың негізі. Саяси режим, әлеуметтік-экономикалық дамудың деңгейі, саяси басқарудың дәстүрлері мен құрылымдарына қарамастан барлық елдердің негізгі міндеті саяси тұрақтылықпен қамтамасыз ету болып табылады. Адамзат қоғамының даму тарихы көрсеткендей, саяси тұрақтылыққа жетудің міндеттері мемлекеттік деңгеймен қатар, мемлекетаралық қатынастар жағдайында да шешіледі. Осы мәселелерді шешудегі ең басты фактор болып мемлекет және оның құқықтық, моральдық нормаларына сүйенген институттары саналады. Саяси тұрақтылық мәселесі қоғамның модернизациялануы үдерісінде маңызды орынға ие. Өйткені, осы жолда жүрген мемлекет әлеуметтік қайшылықтар мен көптеген қақтығыстардың пайда болуына ықпал етеді. Мемлекеттің дамуына әсер етуде қоғамдық өмір-салттың барлық салаларына тұрақтылық қажет. Себебі, тұрақтылық орын алған саланың жағымды сапалық көрсеткішін өзге сала тұрақсыздығымен сипаттау мүмкін емес. Еліміз мемлекеттіліктің негізі ретінде тұрақтылыққа жетуді міндет етіп бекіте түсті. «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты 2010 жылғы Жолдауда Елбасы Н.Ә. Назарбаев атап көрсеткендей: «Ішкі саяси сала мен ұлттық қауіпсіздіктің 2020 жылға дейінгі негізгі мақсаттары қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтау, ел қауіпсіздігін нығайту болып қала береді». Сондықтан Ата Заңымыз саяси тұрақтылықтың Қазақстандағы модернизациялық бағыты мен әлеуметтік-экономикалық реформаларының негізгі шарты болып табылады. Елбасы Н.Ә. Назарбаев Ата Заңымыздың бес жылдығында: «Халық өзінің егемен құқын пайдаланып, қабылдаған Конституция қол сұғылмас қасиетке, жоғары заңдық қана емес, рухани-адамгершілік киеге ие болады, сөйтіп ол қазақстандық патриотизмді тәрбиелеудің іргетасына айналады», – деп айтқан болатын. Осыған байланысты қазіргі Қазақстандағы қоғамды біріктірудегі негізгі фактор және тұрақтылықты қамтамасыз етумен мемлекеттілікті бекітуде патриотизмнің орны зор. Сондықтан бүгінгі күндегі патриоттық тәрбие қазақстандық азаматтардың саяси санасындағы ең негізгі мәселе болып табылмақ. Патриотизм түсінігінің күрделі табиғаттылығы мазмұнының көп қырлылығымен сипатталады. Сонымен бірге, патриотизм мәселесін білім берудің барлық салаларын қамтыған және Отанға деген қатынастағы авторлардың тарихи, әлеуметтік-экономикалық, саяси шарттарындағы азаматтық көзқарастары негізінде қарастырылады.

Медиаон ақпарат