Басты бет > Мәдениет > Түрленген Түркістан қаласын түлету жұмыстары қарқынды даму үстінде!

Түрленген Түркістан қаласын түлету жұмыстары қарқынды даму үстінде!

Бүгінде түбі бір түркі елінің мәдени астанасы ретінде Түркістан қаласы тектен-тек таңдалынып алынған жоқ! Руханиятымыздың дамуы мен Орталық Азия мемлекеттеріндегі көне шаһарлардың бірі, әрі бірегейі ретінде әлемдік түркі қауымдастығы мен түркі жұрты бір ауыздан мойындаған алып қаланың жұмыстары елбасымыздың тапсырмасы бойынша жанданып зор қарқынмен дамып келеді. Қаланың қақ ортасында орналасқан Қожа Ахмет Яссауи бабабымыз мен «Әзірет сұлтан қорық музейінің» тарихтан сыр шертіп тұрғаны тағы бар. Тоғыз жолдың торабында жатқан қасиетті мекеннің көзге бал-бұл жайнаған келешегі – есіктен еңсе тіктеп кіріп келе жатқан сыңайлы.

Мұнда Қазақстанның әр қаласы – әкімшілік-іскерлік орталықтан бастап кітапхана, қонақ үйлер, спорттық нысандар, мәдени іс-шаралар өтетін мекемелер, тіпті медиа орталыққа дейін құрылыс қарқын алған. Белін бекем буған бұл өңірдің рухы мықты, абыройы асқақ, мақсаты айқын. Тілші ретінде Түркістанның ортақ құндылықтарымыз бен тарихымыздың ақ-таңын тамылжытпай сақтап, болашаққа батыл қадаммен аяқ басатынына кәміл сенемін.

Бүгінде облыс орталығы статусын иемденген тарихи қаланың тыныс-тіршілігі тындырымды, алар асуы алты қыр астында тұр. Жаңа бастаманың басы-қасында жүрген облыс әкімі Жансейіт Түймебаев басшы ретінде уақытты тиімді пайдаланып ат-басын абыройлы қалаға алғашқылардың алды болып бұрғаны барлығымызға мәлім. Көш басын көңілдің медетіне, өңірдің өсуіне арнағанын әкімнің әр сөзінен байқауға болады. Сөзінен емес, ісі іркілместен көрсетіп тұр. Қысқа уақытта зор күшпен даму қарқынына түскен түрленген қаланы түлету жұмыстары жанданды. Туристерге тамырын тереңге жайған Түркістанды таныту үшін межеленген жоспар бекітіліп, сол жоспардың орындалуы Түркістан қаласының әлеуетін арттыруға өз септігін тигізуде.

Мәдени-тарихи қаланың өсуі түркі елдері мен қауымдастығының Қазақстанға деген құрметінің бұдан әрі жалғаса беретіндігіне үлкен кепілдік беретін баспалдаққа айналатындығына сенімім мол.

Сағындық Жанысбаев

Медиаон сайты (Фото интернет желісінен алынды)

Арнайы “Түркістанды бірге түлетейік” республикалық байқауына 

#Түркістандыбіргетүлетейік