Басты бет > Саясат > Түркітілдес журналистер қорының ұйымдастыруымен, Шеврон компаниясының қолдауымен “Әлеуметтік журналистика: БАҚ-тағы әлеуметтік мәселелер” тақырыбында семинар-тренинг өтті

Түркітілдес журналистер қорының ұйымдастыруымен, Шеврон компаниясының қолдауымен “Әлеуметтік журналистика: БАҚ-тағы әлеуметтік мәселелер” тақырыбында семинар-тренинг өтті

Түркітілдес журналистер қорының ұйымдастыруымен, Шеврон компаниясының қолдауымен “Әлеуметтік журналистика: БАҚ-тағы әлеуметтік мәселелер” тақырыбында Алматы қаласының “Қазақстан” қонақ үйінде 29-30 шілдесі аралығында журналистер арасында семинар-тренинг өтті. Жиынға Ұлыбританияның Лондон қаласынан арнайы медиа-тренер Ватан ӨЗ келіп, Еуропалық бұқаралық ақпарат құралдарында әлеуметтік тақырыптағы ақпараттардың ресми құжаттарға сәйкес болуы, қылмыстық және азаматтық жауапкершілік, әлеуметтік мәселелер және жалған хабарлар  туралы деректерді тексеру бойынша өз білімімен Қазақстандық қатысушы тілшілерге бөлісті.

Сонымен қатар Ватан Өз – әлеуметтік желілерде тікелей эфирге қосылу қағидаттарын, этикасын және қаржы түсіру көздерін үйретті. Ондағы мақсаты тілшілердің сыртқы қаржылық тәуелділіктен сақтау, өз бетінше жарнама арқылы қаржы табу және ірі-ірі әріптестік компаниялармен қарым-қатынасты күшейту сынды бағытта жұмыс жасау қажет екендігін басты назарға алуды ұсынды.

Семинар-тренингтің екінші күні медиа-тренер Дина Имамбаева: әлеуметтік мәселелерге шолу жасап, тілшінің жұмыс атқару тактикасын, сонымен қатар сандық зерттеу әдістерін қалай жасау керектігін? Инфографиканы жасау жолдарын үйретті.

Күннің екінші бөлігінде Медиа-тернер Самал Мейрамқызы қатысушыларға “Қарекет” бағдарламасындағы журналистік этиканы сақтау жолдарын түсіндірсе, Ернұр Зейнуллаев тілшілер қауымына Аудио-және видиеокасстар сынды техникалық мүмкіншіліктер жайында айтып, жеке авторлық сайттардың ашылу жолдарын топтық деңгейде көрсетті.

Жалпы семинар-тренинг Шеврон компаниясының қолдауымен жүзеге асып, Алматы қаласындағы 1 модуль бойынша: Орал, Қызылорда, Түркістан облысы, Шымкент қаласы, Тараз, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Алматы қаласы бойынша 45 ке жуық  БАҚ-өкілдері қатысты.

Семинар – тренингті қорытындылап Түркітілдес журналистер қорының басшысы Нәзия Жоямергенқызы қатысушыларға алғысын білдіріп, біліктілігін арттырған тілшілер қауымына сертификаттарды табыстады.

Сағындық Жанысбаев