Басты бет > Саясат > Түркістан: ӨҢІРДЕГІ ЭЛЕКТРОНДЫ ТҮРДЕГІ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 88,9% ҚҰРАЙДЫ

Түркістан: ӨҢІРДЕГІ ЭЛЕКТРОНДЫ ТҮРДЕГІ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 88,9% ҚҰРАЙДЫ

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрге көшіру үшін мемлекеттік мекемелер мен жұртшылық арасында онлайн-сервисті кеңінен насихаттау нәтижесінде жеткінін брифинг барысында Департамент басшысы Ғ.Тұрсынбаев атап өтті.

Биылғы жылы Департамент тарапынан 20 мыңнан астам халық үшін 302 оқыту жұмыстары ұйымдастырылғанын, көрнекі жерлерге 225 билборд ілінгенін, 7 жәрмеңке өткізілгенін де қоса айтты.
Жүргізілген жұмыстар нәтижесімен бүгінгі таңда облыс бойынша көрсетілген қызметтердің электронды түрдегі үлесі 88,9 пайызды құрайды.
Бұл көрсеткіш 2018 жылдың 1-тоқсанымен салыстырғанда 9 пайызға артып отыр.
Сондай-ақ, өңірде 68 Студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылған.
Бұған қоса, Ғалым Сұлтанұлы 2019 жылдың 1-тоқсанында 11 тексеру жүргізіліп, 9 бұзушылық анықталған.
Осы заң бұзушылықтарды жою мақсатында 18 – ұсыныс енгізіліп, 5 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке (175 550 теңге айыппұл өндірілді), 5 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын айтып қорытты.

Медиаон ақпарат