Басты бет > Саясат > ТҮРКІСТАН: ӘДЕП НОРМАЛАРЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

ТҮРКІСТАН: ӘДЕП НОРМАЛАРЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Осы жылдың 8 мамырында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысындағы Әдеп жөніндегі Кеңестің кезекті отырысы өтті.

Кеңес отырысында 7 лауазымды тұлғаның тәртіптік ісі қаралып, отырыс қорытындысымен 4 лауазымды тұлғаның тәртіптік жауапкершілігін қарау ұсынылып, ал қалған 3 қызметкерге қатысты тәртіптік іс жаза қолдану мерзімі өтуіне және өз дәлелін таппауына байланысты тоқтатылды.

Жаза қолдану ұсынылған лауазымды тұлғалардың қатарында мектепке дейінгі тәрбие беру ұйымында бала саны белгіленген мөлшерден артық екендігін біле тұра, сотқа ұсынған пікірімен қаржы аударуға қарсы еместігі туралы қолдаухат беріп мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін Келес ауданының Ошақты ауылдық округ әкімі Ештаев Сейдахрам Ахаевичке«атқаратын қызметіне сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жазасын қолдану ұсынылды.

Ал, мемлекеттік қызметшіге сай емес мінез-құлық көрсетіп, өзінің қарамағындағы қызметкерлерге ар-намысына тиетін сөздер айтып, дөрекілік көрсеткені үшін Қазығұрт аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Ертаев Абдигали Налибаевичке және ауыл тұрғындарының қатысуымен өткен Қоғамдық кеңес отырысында қатысушыларға дөрекілік мінез көрсеткені үшін Кентау қаласының Бабайқорған ауыл округінің әкімі Карабаев Жантуре Жақсылықұлына «атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығару»түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.

Сонымен қатар, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, оның ішінде Әдеп кеңесімен ұсынылған тәртіптік жазаны Әдеп кеңесінің шешімімен алу тәртібін сақтамай, жасалған теріс қылықпен келіспеген қызметкерге қызметтік тергеп – тексеру жүргізбестен жаза қолданып және Әдеп кеңесінде қаралатын санаттағы мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігін қарағаны үшін Кентау қаласы әкімі аппаратының басшысы Дауылбаев Сабит Арапұлына «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.

Бұдан бөлек, Әдеп жөніндегі кеңес отырысының күн тәртібінде 5 есеп тыңдалды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау нәтижесімен атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша Түркістан облыстық білім басқармасы басшысының м.а.А.Садыкованың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама бұзушылықтары профилактикасы бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы Мақтарал ауданының Әдеп жөніндегі уәкілі Б.Мүсіреповтың және электронды қызмет көрсетуде төмен көрсеткішке ие болған Келес, Сарыағаш, Төлеби аудандарының әкімі аппарат басшыларының есептері тыңдалды.

Медиаон ақпарат