Басты бет > Саясат > Түркістан қаласы әкімі тұрғындармен онлайн жүздесулер өткізетін болды.

Түркістан қаласы әкімі тұрғындармен онлайн жүздесулер өткізетін болды.

Бүкіл әлем тұрғындарын қамауға алған індет қазақстандықтарды да айналып өтпеді. Түрлі шектеулер енгізіліп, көптеген қызмет көрсету орындары жұмыс тәртібі өзгеріп жатыр. Төтенше жағдай кезеңінде халықпен бұрынғыдай кездесулер өткізе алмайтынын айтқан Түркістан қаласы әкімі
Наурыздың 21-нен бастап өз парақшасында күнделікті тікелей эфирге шығатынын мәлімдеді.

Халық алдындағы жылдық есебін де басқа басшылардан өзгеше өткізген жаңашыл әкім, қазіргі жағдайда да тұрғындарды бейімделіп, жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру мүмкіндігін қолдануға шақырған.

Әкімнің халықпен байланыс үзбеу тәсілін қолдануын тұрғындар қуана қарсы алған. Екі кеш бойы көкейіндегі сұрақтарын қойып қалалық атқарушы орган басшысына алғысын білдіруде.