Басты бет > Мәдениет > Түркістан қаласына 3 айда 300 мыңға жуық турист келген

Түркістан қаласына 3 айда 300 мыңға жуық турист келген

16
views

Түркістан қаласына ағымдағы жылдың 3 айында 285 021 зияратшы мен турист келген. Оның ішінде 5 мыңға жуығы шетел азаматтары. Туризм саласында І тоқсанда 1 689,3 млн. теңге табыс түсіп, қала экономикасының ұлғаюына үлесін қосып отыр. Айта кететіні, былтыр қасиетті қалаға 1 млн. турист келген болатын. Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан қаласының әкімі Тәжібек Мұсаев мәлім етті.

Оның айтуынша, қазіргі таңда қала халқының саны 263,4 мың адам болса,  оның ішінде экономикалық тұрғыдан белсенді халық — 102,9 мың. Жұмыссыздық деңгейі 5,1 пайыз көлемінде. 2018 жылдың қаңтар-наурыз айларына 1300-ге жуық адам жұмыспен қамтылып,  жылдық жоспардың орындалуы  17,5  пайызды құраған.   

Бұдан өзге, ағымдағы жылдың 3 айында шағын және орта кәсiпкерлiкпен айналысатын 13405 субъект тiркелген.

«Бүгінгі таңда нақты жұмыс iстеп тұрған белсендi ШОБ субъектiлерiнiң саны -13044. Жұмыспен қамтылған адам саны – 34278 адам. Ал аталған саладағы өнiм көлемi 19648,9 млн. теңгеге жеткен. Бюджетке төленген салық көлемі — 296,3 млн. теңге. Жұмыс iстеп тұрған белсендi субъектiлер саны өткен жылмен салыстырғанда 101,1 пайызға, жұмыспен қамтылғандар 2,8 пайызға және өнiм көлемi 2,6 пайызға артып отыр», — деді Тәжібек Қалманұлы.

Сонымен қатар, өңірде Қарашық ауылдық округінде ″Тұран″ сүт өндеу зауыты, Түркістан қаласындағы ″Ақ жол″ шұжық өңдеу цехы, Оранғай ауылдық округінде ″Әл-Береке″ АШК жеміс-жидек және көкөніс өнімдерін өндеу цехы және ″Яссы құс″ шағын құс фабрикасы мен Жүйнек ауылдық округінде шұжық цехы жұмыс істеуде. Сондай-ақ, ағымдағы жылы биыл Ескі Иқан ауылында сүт өндеу цехы, «Дидар» шаруа қожалығының көкөніс сақтау қоймасы мен «Яссы-құс» фабрикасының ІІ-кезеңі іске қосылатын болды.

 Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *