Басты бет > Мәдениет > «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасының ашылу салтанаты өтті

«Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасының ашылу салтанаты өтті

«Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» іс-шараасының салтанатты ашылуы  мен , Наурыз мерекесіне арналған Түркі әлемінің «Наурызнама» шарасы өтті.Түркі елдерінің тағдарын тоғыстырған киелі Түркістан төріндегі дүбірлі шараға 15 мемлекеттен келген Түркітілдес 25 ұлттан тұратын 300 ге тарта шетелдік қонақтар, халықаралық ұйым өкілдері, Қазақстандық зиялы қауым өкілдері, өнер, білім, ьұқаралық ақпарат құралдары мен оңтүстік қазақстандық тұрғындар жалпы саны 10 мыңға жуық адам қатысты. Олардың ішінде ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен «Түрксой» Халықаралық Ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейіновар сынды әр елдің жоғары лауазымды ресми өкілдері бар.т Мерекелік іс-шараға келген меймандар, ең алдымен Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен оның айналасына жерленген қазақ хандары, абыз-әулилер, билері мен батырларына арналған пантеонмен танысты. Бұдан кейін қонақтар Қ.А.Ясауи кесенесіне зиярат етіп, жергілікті тұрғындар мен олардың қолөнер бұйымдары мен музейді тамашалады.  Іс-шараның салтанатты ашылуында сқз бастаған Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев барша жұртшылықты Түркістанды Түркі әлемінің мәдени астанасы жылы атануымен құттықтап, осы абыройлы міндетті бірлесе өткізуге шақырды.

«Түркі әлемінің бүгінгі замандағы кемеңгер көшбасшысы атанған Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Түрксой» түркі әлемінің ЮНЕСКО-сына айналуына тиіс» деген болатын. Осы Түрксой ұйымы түркі әлемінің мәдени астаналарын таңдау жобасын 2012 жылдан бері жүзеге асырып келеді. Түрксой Халықаралық ұйымының «Баспасөз сыйлығы» шетелдік және Қазақстандық 15 үздік журналистке тапсырылып, мереке жалғасы әлемдік деңгейдегі концерттік бағдарламаға ұласты. Онда 500-ге жуық биші күн мен түннің, теңелуі және табиғаттың оянуы театрландырылған сазды-хореографиялық қойылымын көрсетті. Сондай-ақ , Түркітілдес халықтарға ортақ   ұлы тұлғалар – Арыстан баб,  Яссауи,  Қорқыт ата образдарындағы көрініс сахналанды. Концерттік бағдарлама барысында «Сүйінші», «Шашу» көрінісі қойылды. Онда Ұлттық киімдегі жаршылар «Наурыз» келгені жөнінде сүйінші сұрап, шашу шашты. Алаңда Түркітілдес мемлекеттерге арналған 6 киіз үй көтеріліп, Түркітілдес мемлекеттердің «Наурыз» керуені келді. Керуенде 18 түйе, 30 жылқы,и 4 арба және Түркітілдес мемлекеттерден  келген 300-ге жуық мәдениет майталмандары өнер көрсетті.

“Мediaon” ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.