Басты бет > Мәдениет > Түркістан туризмнің төрінен орын алады!

Түркістан туризмнің төрінен орын алады!

Әлеуеті артқан әлеуметтің – туризмге ден қойып, тарих тағылымына сапар шеккен тұрғындардың саны Түркістан облысында күрт өсіп келеді. Қазыналы қарт Қаратау мен ақ ала Алатаудың байрайында жатқан бұл облыс – Қазақстан топырағында туризмді ерекше дамытып,

елдің еселі рухани азығына айналатын, жәдігерлер мен ескерткіштерге аса бай өңірлердің қатарында. Кезінде ұлы жібек жолының гүлденуіне Түркістан шаһары ауыз толтырып айтарлықтай қол бұйым өнерлерімен, сауда-саттығының өз дәрежесінде жоғары деңгейге жеткендігін дәлелдеген болатын. Бүгінде елбасымыздың елеулі үлесінің арқасында Түркістан облысы мен қаласында туризмді жан-жақты дамыту шаралары қолға алынып, күшейтілген қарқында жұмысын жалғастыруда. Биылғы жылдың өзінде киелі шаһарға ат басын бұрып, зиярат етіп, табиғатына тамсанып, рухани азық жинап қайтқан шетелдіктер мен Отандастарымыздың қарасы қалың. Бұл деген сөз облыс экономикасын дамытуда туризмінің алатын орны ерекше дегенге саяды. Олай айтуғада себеп бар, үйіткені Түркістанның потенциалы бұл салада жоғары. Барлық Қазақстандықтарды Түркістан облысына шақырамын. Мұнда тек ғана зиярат етіп қоймай, бойларыңызға рухани жан азығын алып, көз тартқан табиғатына тамсанып, байтақ даласының жұпар гүлінің иісін иіскеп, шағалалы Шардараның суына шомылып, тау баурайында демалу бақытына ие боласыздар, Туризмді бірге дамытайық. Түркістанымызды бірге түлетейік ағайын!

Сағындық Жанысбаев

МедиаON ақпараттық агенттігі