Басты бет > Хабар > Түркістан облысы: 100 МЫҢНАН АСТАМ ГҮЛ ЖАЙҚАЛЫП ТҰР

Түркістан облысы: 100 МЫҢНАН АСТАМ ГҮЛ ЖАЙҚАЛЫП ТҰР

Соңғы 3-4 жылдан бері Сарыағаш қаласын абаттандыру үшін ерекше гүлдер егілді. Қазіргі таңда қаладағы жайқалған гүлдер саны 100 мыңнан асып түседі. Қалаға егілген гүлдердің 100 пайызы жергілікті жылыжайларда өсіріліп, қаламызға көрік беруде.

Айта кетерлігі, жергілікті жерге өсірілген өсімдіктің жерсінуі байқалмай, жылдам бой көтеріп келеді. Нәтижесі де көңіл көншітерлік.
Сарыағаш қаласы әкімі аппаратының ТҮКШ бөлімінің бас маманы Бекжан Тұңғышбаев: Біздің басты мақсат – Сарыағаш қаласының эколо¬гия-лық¬ жағдайын барын¬ша жақ¬сарту. Сол мақсатта қаламызда көктемнің алғашқы күндерінен бастап көшет отырғызу жұмыстары басталып кетеді. Биылдың өзінде 2842 түп ағаш көшет отырызғылды. Алдағы уақытта Сарыағаш қаласын «Жасыл қала» дәрежесіне жеткізу үшін жұмыс жасайтын боламыз.

Медиаон ақпарат