Басты бет > Жастар > Түркістан облысы әкімінің кубогі үшін  республикалық “JAIDARMAN” ойындары өтті

Түркістан облысы әкімінің кубогі үшін  республикалық “JAIDARMAN” ойындары өтті

Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай, Түркістан облыстық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының  “Жастар ресурстық орталығы”  Түркістан облысы әкімінің кубогі үшін  республикалық “JAIDARMAN” ойындарын өткізді. Бұл ойынға елге танымал жайдарманшылар мен олардың құрамалары қатысты. Атап айтсақ, “Фемида” (Ақтөбе ), “Шапалақ” Талдықорған, “Жаңа толқын” Орал, “Миллион” (Шымкент) , “Бүгін. КЗ”(Шымкент), “Сырдария” құрамасы, Қызылорда құрамасы, “Капитан” (Шымкент), “Тесо. КЗ” (Алматы), “АТУ” (Алматы).Кеш жүргізушісі ретінде арнайы Есен Елеукен шақыртылды. Қазылар алқасы қатарында Түркістан облысы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы міндетін атқарушы Мұхтар Сейтжапбаров, Кентау қаласы Қоғамдық кеңес төрағасы Хайрулла Қожабаев мырзалар мен Марат Достаев, Жанболат Досбол, Мейіржан Есенғараев сынды ардагер жайдарманшылар болды.

Түркістанның төріне жайдары жазбен бірге енген JAIDARMAN ойындарын ұйымдастырудағы басты мақсат- өркендеген, өзгерген рухани астананың жаңа келбетін жайдарманшы жастардың тілінде жұртшылыққа жеткізу және осы арқылы қала жастарын жаңа қаланың келбетін қалыптастыруда белсенділікке шақыру.
Түркістан облысы әкімінің кубогін- “Миллион” (Шымкент) жеңіп алса, 2-орынды “Фемида” (Ақтөбе ), 3-орынды “Шапалақ” Талдықорған командалары иеленді.