Басты бет > Мәдениет > ТҮРКІСТАН облысы: СОТ ТӨРАҒАСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ АРЫЗДАРЫН ТЫҢДАДЫ

ТҮРКІСТАН облысы: СОТ ТӨРАҒАСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ АРЫЗДАРЫН ТЫҢДАДЫ

Бүгін «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының «Open Space» форматындағы қоғамдық қабылдау бөлмесінде Түркістан облыстық сотының төрағасы Талғат Баратбеков тұрғындарды қабылдады.

Облыстың әрбір аймағынан келген тұрғындар жеке мәселелері бойынша арыз-шағымдарын айтып, шешілмей жүрген мәселелерін жеткізді.

Түркістан қаласының тұрғыны Камшат Абсаттарова қауын сатқаны үшін кінәлі болып, ішкі істер саласының қызметкерлерімен соттасып жүргендігіне шағымданды. Ал, Таир Абдуалиев пен Акрамжан Абдуали жүкті әйелін ұрып кеткен азаматтарға құзырлы органдар ешқандай шара қолданбай отырғандығын сөз етті. Ал, Ануарбек Исабеков кәсібіне келтілірген шығындарға өтемақы ала алмай жүргендігіне арызданса, түркістандық Ғалымжан Жолдасбеков жұмыстан босату жөніндегі сот шешімімен келіспейтіндігін айтты. Кентау қаласының тұрғыны Роза Кикимбаева сотқа өтіп кеткен несие бойынша сұрады.

Қабылдаудың жүріп жатқандығын тікелей эфирдегі әлеуметтік желі арқылы хабардар болып,  арнайы келгендерде болды.

Талғат Қожанұлы тұрғындар тарапынан айтылған барлық мәселелерді мұқият тыңдады.

Әрбір арыз-шағымға кең көлемде жауап беріп, кеңесін айтты. Кей мәселелердің шешілуін өз бақылауында ұстайтындығын сөз етіп, арнайы жазып алды. Сот саласына қатысты жоқ жағдайларды құзырлы орган басшылары арқылы байланыс орнатып, талқылайтындығын айтты.

Қоғамдық қабылдауға келушілерге сот шешімдерінің орындалуы, сот сараптаманың жасалуы, сот шешімімен келіспеген жағдайда оған шағымдану тәртібі бойынша кеңестер берілді.

Жалпы қоғамдық қабылдауға 12 адам келді. Олардың барлығының  шағымдары «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының тұрақты бақылауына алынды.

Аз ғана уақытта билік пен бұқараны тоғыстыратын алаңға айналып үлгерген «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының «Open Space» форматындағы қоғамдық қабылдауы алдағы уақытта да жалғасын табады.

Медиаон ақпарат