Басты бет > Спорт > ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: «МАРАФОН-2019» ЖҮГІРУ ЖАРЫСЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: «МАРАФОН-2019» ЖҮГІРУ ЖАРЫСЫ ӨТТІ

Төлеби ауданында «Марафон-2019» жүгіру жарысы өтті.

Таңғы сағат 9:00-ден бастау алған марафон Ленгір қаласының Шаңырақ аллеясынан басталып 1 мөлтек ауданындағы Спорт кешенінде аяқталды.

Жаңадан бой көтерген спорт кешенінде «Төлеби ауданы ойындары-2019» жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шараға қатысқан аудан басшысы Б.Омарбеков «Халық денсаулығын жақсартуға бағытталған бүгінгі игілікті іс өмір салтымызға айналып, жастарымыздың рухын, аудан халқының бірлік пен ынтымағын арттырып, салауатты өмір салтына шақыратыны анық» деп, спортшыларға алдағы уақытта сәттілік тіледі.

Шара барысында «Төлеби ауданы ойындары-2019» жобасында футбол, баскетбол, волейбол, қазақ күресі, еркін күрес, тоғызқұмалақ, шекемтас, аударыспақ, көкпар сынды спорт түрлерінен сынға түскен спортшылар марапатталып, сый-сияпаттар табысталды.

Әрбір адам спортпен айналысу керек. Өйткені спортпен үнемі айналысқан адамның дені сау, көңіл-күйі көтеріңкі болады және денсаулығы жақсарады. Спорттық ойындардың түрлері өте көп: футбол, баскетбол, волейбол, теннис, хоккей, шаңғы тебу, суда жүзу, т.б. Спорттың адам денсаулығына қаншалықты пайдалы екенін, оның адам өмірін ұзартатынын білеміз. Сол үшін балаларды ерте жастан спортқа деген қызығушылығын ояту үшін мектеп бағдарламасына да  енгізілген.

Денсаулық-зор байлық.Денсаулық мықты болу үшін адамға мынадай төрт шартты бұлжытпай орындау керек. Олар: дене еңбегі, тамақ ішу, уақытты дұрыс пайдалану, шынығу және дем ала білу.

Сонымен қатар жалпы 4,6 шақырымды құрайтын марафонға қатысып, белсенділік танытқан аудан тұрғындары да марапатталып, ұйымдастырушылар тарапынан сыйлықтарды иеленді.

Тартысқа толы бәсекеге ерлер арасында 14-20, 20-30, 40 жастан жоғары, әйелдер арасында 14-20, 20 жастан жоғары азаматтар қатысты.

Медиаон ақпарат