Басты бет > Саясат > Түркістан облысы: Кентау қаласының 9 айда атқарылған  жұмыстары  қорытындыланды

Түркістан облысы: Кентау қаласының 9 айда атқарылған  жұмыстары  қорытындыланды

Бүгін Кентау қаласының әкімі Махажанов Даурен Сабитұлының төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті.

Жиында күн тәртібінде 4 мәселе қаралды. Бірінші 2019 жылдың 9 айының қорытындысымен “Кентау қаласының 2016-2020 жылдарға арналған аумақтық даму бағдарламасының” орындалу барысы туралы, қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ильхам Азизбаев баяндады. Қаладағы жолдарды және көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын асфальттау жұмыстарының барысы туралы қалалық автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Нұрбол Лесов мәлімдеді. Ағымдағы жылы қаладағы атқарылып жатқан жол құрылыс жұмыстарына тоқтап, жіберілген кемшіліктер қалпына келтірілетінін баяндады. Ал, күн тәртібіндегі 3-ші жағдай пайдаланылмай жатқан, ҚР заңнамасын бұза отырып пайдаланып жатқан жерлерді анықтау және берілген жер учаскелеріне түгендеу жұмыстарына жүргізу барысы туралы қалалық жер қатынастар бөлімінің басшысы Асқар Баубек толыққанды мәлімет берді. Бүгінгі таңда Кәсіпкерлік мақсатындағы пайдаланылмай жатқан жерлерге түгендеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 2019 жылдың І жартыжылдығында 45 жер иеленушінің меншігіндегі алаңы 464,3 га жер учаскесі анықталған.

Бұл жер иелерінің тізімі нақтыланып, АКТ түзіліп, шара көру үшін облыстық жер инспекциясына жолданған. Инспекция тарапынан бүгінгі таңға жер учаскесін нысаналы мақсатына сәйкес пайдалану қажеттігі жөнінде ескертпелері таратылды. Мерзімі келгенде сот арқылы мемлекет меншігіне қайтарылатын болады деді.

4-ші мәселе Медициналық сақтандыру міндеті бойынша қалалық емхананың бас дәрігерінің орынбасары Алия Андабасова баяндады. Қала әкімі медицналық сақтандыру міндеті жайында халыққа толықтай түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап, мәжілісте көтерілген мәселелерді қадағалау бойынша сала басшыларына тапсырма берді. Берілген тапсырмалар жүйелі, әрі уақытында атқарылу тиіс деді.

Медиаон ақпарат