Басты бет > Саясат > Түркістан облысы: Келес ауданында БАҚ үшін пресс-тур ұйымдастырылды

Түркістан облысы: Келес ауданында БАҚ үшін пресс-тур ұйымдастырылды

Жаңадан құрылған Келес ауданында БАҚ үшін пресс-тур ұйымдастырылды. Пресс-турдың басты мақсаты ауданның жеткен жетістігін халыққа көрсету және атқарылатын жұмыстардың жай-жапсарымен таныстыру болатын.

Келестің әкімінен үміт көп!

Пресс-тур –  Келес ауданы әкімінің БАҚ үшін ұйымдастырылған брифингінен бастау алды. Брифингте сөз алған  Ақментай Үсенұлы БАҚ өкілдеріне аудан көлемінде атқарылған жұмыстарды баяндады. Сонымен қатар алға қойған жоспарлары мен түйткілді мәселелердің шешу жолдарымен бөлісті.

“Мен аудан әкімі ретінде өзіме жүктелген міндеттерімді білемін, мәселе жоқ емес бар, ел болған соң барлық жерде проблемалардың болуы шарт, бірақ халықпен бірге, қоғам болып, сіз бен біз болып осы жаңағы проблемаларды шешу жолдарын бірігіп қарастыруымыз қажет, Келес ауданы жаңадан құрылғандықтан барлығы облыс әкімінің жіті бақылауында, көрсеткіштер мен нәтижиелеріміз жаман емес, көңіл көншітеді, алдағы уақытта Келес ауданын көркейту шаралары жалғасын таба бермек, елбасымыздың берген тапсырмалары аудан көлемінде атқырылып жатыр” – ; деді аудан басшысы.

 

“Еңбектің наны тәтті”

 

     Пресс-турда екінші аялдаған мекеме – ауыл шаруашылығы өніміне байланысты болды. Аталмыш салада Келес ауданы бойынша қызанақ өсіру мен айналысатын кәсіпкердің жылы жайымен таныстық. Мұнда ақпанның аязына қарамастан қызанақ өсірумен айналысып жатқан фермерлердің еңбегіне тәнті болдық.

 

 

 

 

 

 

Білімді мыңды жығады”

Әрі қарай Келес ауданы бойынша шекара маңында орналасқан Жүзімдік ауылдық округіндегі №34 А.Байтұрсынов атындағы жаңадан ашылған мектептің тыныс-тіршілігімен танысқан болатынбыз. Мектеп заманауи типтік үлгіде салынған. Оқушылар үшін лингафон, компьютерлік сыныптар толық қарқынмен жұмыс жасап жатқан көрінеді. Мектеп 300 балаға лайықталып салынған, қазіргі таңда 2 ауысымда 357 бала білім алып жатыр.

 

 

 

“Денсаулық – басты байлық”

Келес ауданының орталық ауруханасы бүгінде аудан тұрғындары мен қатар аймақтың бәсі озған, ақ халаттыларының ғылыми жетістіктерін айқындайтын орталыққа айналуға қауқарлы. Себебі медициналық қызметі цифрландыру бойынша жүзеге асырылып, деніне саулық, дертіне шипа іздеген ауыл тұрғындарының көңілінен шығады. Мұнда алғашқы жәрдем дереу арада көрсетіліп, инсульт сынды аурулардың алдын – алу шаралары профилактикалық деңгейден кәсіби деңгейге көтерілген. Қажетті медициналық құрал-жабдықтармен толық қаматамасыз етілген.

 

 

Сағындық Жанысбаев