Басты бет > Саясат > Түркістан облысы: ЖЕТІСАЙДА ҚАЛА КҮНІ ТОЙЛАНДЫ

Түркістан облысы: ЖЕТІСАЙДА ҚАЛА КҮНІ ТОЙЛАНДЫ

Жетісай ауданында жыл қорытындыланып, «Алтын күз – 2019» мерекесіне орай жәрмеңке болып өтті. Мәдениет пен ғылымның ортақ мекеніне айналған Жетісай қаласының 50 жылдық мерекесі аясында аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің ауыл шаруашылық өнімдерінің «Алтын күз – 2019» жәрмеңкесі ұйымдастырылып өткізілді. Шараға Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің жұртшылықты айтулы мерекелерімен құттықтау хаты оқылды. Биылғы жыл табиғаттың қолайсыздығына қарамастан жетісайлықтар үшін табысты жыл болды. Егістік алқаптарындағы өнім ысырапталмай дер кезінде жиналып алынды, қамба астыққа толды. Ауданға қарасты бірқатар ауылдық округтері ақ алтын жинауда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Десек те, ауданда күзгі жиын-терім жұмыстары әлі де жалғасуда. Жыл санап көркіне көрік қосып келе жатқан Жетісай қаласы соңғы жылдары адам танымастай өзгерді. Үкіметтің шағын қалаларды көркейту, дамыту тапсырмасына байланысты аудан әкімі Жамантай Қанайұлының тікелей қолдауымен қазір қалада көркейту, көріктендіру шаралары қызу жүріп жатыр. Айтар болсақ, қалада аяқ жолдар салынып, субұрқақтар атқылап, әкімшілік ғимаратының айналасы гүлзар орынға айналған. Көшелер жарықтанып, автожолдар асфальтталған. Қаланың көркіне көрік қосқан зәулім ғимараттар бой көтеріп, жыл басынан бері қалаға 1 млрд 528 млн 357 мың теңге инвестиция тартылған. Аудан орталығы Жетісай қаласының 50 жылдық торқалы тойында қала әкімдігінің ұйымдастыруымен мәдени іс-шара болып, қаланың дамуына үлес қосқан азаматтар «Жетісай қаласының 50 жылдығы» мерекелік төс белгілерімен, арнайы дипломдармен марапатталды. Шара барысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі, салалық көрмелер, бауырсақ, палау фестивалдері, көкөніс пирамидалары орналастырылып, түрлі спорттық сайыстары және аудан өнерпаздарының қатысуымен кең көлемдегі концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, «Алтын күз – 2019» мерекесімен қатар келген Жетісай қаласының 50 жылдық торқалы тойында жыл бойына еткен еңбектің нәтижесінде үлкен жетістікке жеткен диқан-шаруалар мен түрлі сала мамандары арнайы номинациялар бойынша облыс, аудан әкімінің, аудандық мәслихат пен қала әкімдігінің марапаттарына ие болды. Мерекелік шарада қаланың кешегісі мен бүгіні айтылып, тарих беттеріне есімдері алтын әріптермен жазылған азаматтардың істері үлгі.

Медиаон ақпарат