Басты бет > Білім > Түркістан облысы Жастар жылында Жастарға арнап жаңа ғимаратты пайдалануға берді 

Түркістан облысы Жастар жылында Жастарға арнап жаңа ғимаратты пайдалануға берді 

Түркістанда облыстық жастар ресурстық орталығының жаңа ғимараты ашылды. Расыменде үлкен əрі кең ғимарат жастар үшін таптырмас ыңғайлы орын екен.

Бірінші қабатында ресепшінмен “Жастарға қызмет көрсету орталығы” орын тепкен. Мұнда Түркістан облысының кез-келген жастары өзіне қажетті мағлұматтар мен үйірмелерге, дəрістерге, жазылу сынды пайдалы ақпарат көздерінен сенімді кеңес ала-алады. Мысалы үшін: мемлекеттік бағдарламалар арқылы жұмысқа орналасу тәртібі, кəсіп бастағалы жүрген жас азаматтарға жолын түсіндіру секілді, неден бастау қажет? Қандай құжаттарды жинақтау керек, біліміңізді жетілдіру жолдарын қарастыру, сізді толғандырып жүрген мəселелеріңізбен келіп тегін кеңес алсаңыз болады.
Екінші қабаты тегін интернет желісіне қосылған заманауи компьютерлермен жабдықталған. Ақпарат заманында ғаламтор – жастарымызға сабағына, жұмысына өте қажет. Түркістан облысының жастары үшін бұл компьютерлер тегін қызмет көрсетеді. Жəне түрлі үйірмелер мен орталық бір мезетте 400-ге жуық жасқа қызмет көрсете алады. Орталықта «Мобильді топ», Turkistan HUB coworking zone, IT PARK, Робототехника мектептері, Коворкинг алаңы, электронды кітапхана, «Жас сарбаз», «Еріктілер мектебі», «Құрылыс жасақтары», «Тілдер мектебі», түрлі жастар ұйымдары,  медиа студия және  психологиялық терапия т.б көптеген жастар клубтары, мектептер мен үйірмелер жұмыс жасайды. Сондай-ақ, ғимарат ішінде «relax zone» демалыс аймағы, ғимараттың сыртқы бөлігінде футбол, валейбол, баскетбол, теннис ойнауға арналған спорттық алаңшалар орналасқан. Мұндағы барлық қызметкерлер сіздерді жылы шырайлы кейіппен қарсы алады. Үйіткені олар сіздер үшін қызмет жасайды.
Үшінші қабатта акт зал орналасқан, мұнда түрлі іс-шаралар, концерттік бағдарламалар өтеді. Айта кетейік дəл осы қабатта психологиялық кабинетте облыс жастары үшін қызмет жасайды. Келіңіз, өз мүмкіндіктеріңізді толық ашыңыз! Əрине #Жастар)))

P/s: негізі бар ғой Түркістан облысының əкімі Жансейіт Түймебаев жастар үшін аянып жатқан жоқ. Сол үшін ол кісіге Түркістан облысының жастары алғыстарын айта жүрсе құппа-құп болар еді. Кейіннен осы саланың дамуына Түркістан облысының Отбасы, балалар жəне жастар ісі жөніндегі басқарма басшысы Балмаржан Нарбекова мен Облыстық Жастар Орталығы басшысы Береке Дуйсебеков тың идеяларымен жастар саясатының қарқынды жолмен қалыптасып, дамып жатқанын дəлеледеп жатқан секілді. Істеріне тек ғана сəттіліктер тілейміз!

Сағындық Жанысбаев
“МедиаON” ақпарат