Басты бет > Саясат > Түркістан облысы: Бәйдібектен xат келді!

Түркістан облысы: Бәйдібектен xат келді!

259
views
Түркістан облысы Бәйдібектен бір топ ел ағаларынан келген xатты зерттеп көрмекпіз. Байқауымызша Бәйдібек ауданының құрылыс бөлімінің орны біраздан бері бос көрінеді. Ал сол бос орынға алдын-ала дайындалған кадр өтпек дейді. Егер ол мықты маман болса, істесін қарсылық жоқ қой, бірақ егер рас болса мынандай былықтардан басын әзер арашалап алған ағамыз, қайта келуге қалай дәмелі? Әзірге білгеніміз арнайы сұрап, конкурсқа құжат тапсырған тек осы маман екен.

Иа, келісіліп қойған тірлік болса қайтеміз деген ой туып, дегенмен xатты сол күйінше жариялауды жөн көрдік. Арысын тағы көрерміз…. «Құрметті Малика Абдалиева!!! Бізді мазалап отырған мына жайтты жариялауыңызды сұранамыз. Досалиев Төлеби, шамамен 2010-2015 жылдары Бəйдібек ауданы құрылыс бөлімінің басшысы болған. Сол кезде, жаңадан соғылған Жарықбас аулындағы Л.Өтешов мектебі, Амансай аулындағы И. Өтемісов жəне Шаян ауылындағы № 1 мектеп-интернатының құрылыстары өте сапасыз жүргізілген. Мектеп сылақтары түсіп, едендері ойылып түсіп кеткен, ешқандай бақылау жұмыстары болмаған, мердігерлер аудандағы құрылыстарда білгенін істеп, Майбұлақ орта мектебінің едендері шіріген. Сондай-ақ, 2015 жылы бітуге тиісті Жыланды орта мектебінің құрылысы бітпей жатып (тек төбесі жабылған кезде) құрылыс жүргізуші Мердігерлерге 50 млн теңге шамасында қаржыны аударып жіберген. Бұл жөнінде облыс əкімшілігінде (облыс əкімі Атамқұлов) үлкен айқай-шу болған. Бірақ сол кездегі іскер аудан əкімі Б.Көшербай бар мүмкіндікті жасап мектепті толық бітірді. Бірақ, құрылыс бөлімінің басшысын жұмыстан шығарып жіберді. Енді, сондай адамды Бəйдібек ауданының құрылыс бөліміне тағы да басшы етіп алмақшы. Бұл қалай? Осы мәселені облыс әкімі Түймебаев мырзаға жазып, жариялап жеткізсеңіз екен» — деп біраз аудан азаматтарының қолы қойылған xат келді. Әкімшілікте xат бөлімінде жұмыс істемейтінім анық. Сондықтан сөзбе-сөз осында жазып жариялап отырған жайымыз бар. Өз тарапымыздан мына жазылған жайттар рас болса, қайта басшы болуға қаншалықты заңды деген сұрақ туындап отыр… Тиісті орындарға сұраныс xаттар жазылып жатыр. Анығын тағы жазармыз.
«МедиаON» Республикалық ақпараттық,
құқықтық, сараптамалық агенттігінің
директоры-бас редакторы 

Малика Абдалиева

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *