Басты бет > Хабар > Түркістан облысы: Ауылдан ақпар! ШАБЛАН ДІЛДӘБЕКОВ АУЫЛЫ БІР ЖЕРДЕН 2 РЕТ ӨНІМ АЛУ БОЙЫНША КӨШ БАСЫНДА

Түркістан облысы: Ауылдан ақпар! ШАБЛАН ДІЛДӘБЕКОВ АУЫЛЫ БІР ЖЕРДЕН 2 РЕТ ӨНІМ АЛУ БОЙЫНША КӨШ БАСЫНДА

Ал, білім беру саласы бойынша Ш.Ділдабеков ауылдық округінде білім беру нысандарынан 5 жалпы орта мектеп (3276 оқушы) орналасқан. Барлық мектептерде жетім және аз қамтамасыз етілген балаларға күнделікті тегін ыстық тамақтар беру толық қарастырылған.

Денсаулық сақтау саласы бойынша.

Ш.Ділдабеков ауылдық округінде 2 дәрігерлік амбулатория, 5 ФАП – та 6 – дәрігер және 36 мейірбике ауылдық округ тұрғындарының денсаулығын сақтауға қызмет етуде.

2019 жылы округ көлемінде 44 бала дүниеге келсе, олар ай сайын дәрігердің қабылдауында болып профиилактикалық екпе егу ұлттық күнтізбесіне сәйкес екпе алды.

Ауылдық округінде жұмыс істейтін жеке меншік 1 дәріхана тұрғындарды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуде.

Кәсіпкерлік саласы бойынша.

Ш.Ділдабеков ауылдық округіндегі жеке кәсіпкерлік нысандар саны – 30, оларда жұмыс істейтіндер саны – 72 адамды құрайды. Оның ішінде: 23 азық түлік дүкені, 3 жанар жағар май бекеті, 1 дәріхана және 1 аяқ киім фабрикасы, 1 қыш шығару зауыты жұмыс істеуде. Қаржы иниституттары арқылы 2019 жылы алынған несиелер – «Ырыс» микроқаржы ұйымынан мал шаруашылығы бойынша 2 жоба – 6,5 млн. теңге. Ауылшаруашылық қолдау қорынан 5 жоба – 7,9 млн. теңге көлемінде қаражат алған.

Мәдени-спорттық іс – шаралар бойынша.

Ауылдық округі көлемінде 2019 жылдың 9 айында 7 спорттық іс-шара өткізілді. Атап айтқанда: 22 наурыз Ұлыстың ұлы күні мерекесіне ауыл зейнеткерлері арасында шахматтан жарыстар өткізіліп, жеңімпаздар марапатталды. «С.Қожанов» атындағы жалпы орта мектебінде С.Қожановтың 125 жылдығына арналған мектеп аралық футболдан жарыс өткізілді. Ауылдық округ көлемінде 5 спорттық алаңшасы бар болса, 2019 жылы бюджет есебінен Бірлік елді мекенінен 6 миллион 200 мың теңгеге спорт алаңшасы құрылыс салынуда.

Медиаон ақпарат