Басты бет > Хабар > Түркістан облысы аумағында коронавирус инфекциясын жұқтырған бес адам бар.

Түркістан облысы аумағында коронавирус инфекциясын жұқтырған бес адам бар.

Биылғы жылдың 31-наурызындағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Түркістан облысы аумағында коронавирус инфекциясын жұқтырған бес адам бар.
31-наурыз күні 1-пациенттің коронавирус індетін жұқтырғаны тіркелді. Нұр-Сұлтан қашласынан келген бұл науқаспен байланыста болған адамдарды тексеру барысында, тағы 3 отбасы мүшесінің сараптамасы оң нәтиже берді. Сонымен қатар, Алматы қаласынан келген 1 азаматта COVID-19 сараптамасы оң қорытынды берді. Қазіргі таңда науқастар дәрігер бақылауына алынып, жағдайы қанағаттанарлық дәрежеде. Қарым-қатынаста болған барлық адамға стационарлық оқшаулау шаралары жүргізілді. Тиісті хаттамаға сәйкес, емдік шаралар жасалынуда.
31-наурыз күні дезинфекциялық қызмет науқас тұрған үй-жайларды дезинфекциялау және санитарлық өңдеу шараларын өткізді.
31-наурызда коронавирус инфекциясын жұқтырған науқас Жетісай аудандық орталық ауруханасында ем алуда.
Науқаспен жақын қарым-қатынаста болған анықталуда.

Облысымызда 2020 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша Covid -19 коронавирустық инфекциядан қолайсыз елдерден келген 495 адам мониторингтік бақылауға алынған. Оның ішінде 1 «а» санатындағы елдерден келгені — 9 адам, 1 «б» санатындағы елдерден келгені — 486 адам.
Инфекция ошағында облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, басқарма мамандарымен және облыстық инфекционист дәрігермен эпидемиологиялық зерделеу жұмыстары мен індетке қарсы шаралар кешені жүргізілуде, «Ұлттық сараптама орталығы» Түркістан облысы бойынша дезинфекциялау орталығы күштерімен дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.

Түркістан облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.