Басты бет > Спорт > Түркістан облысының Төлеби ауданында спорт кешені ашылды

Түркістан облысының Төлеби ауданында спорт кешені ашылды

Табиғатымен ерекшелінген Төлеби ауданында халықаралық стандарттарға сай «Алматау» спорт академиясы ашылды. Заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген бұл спорттық база Қазақстандағы АИВА-дан кейінгі орында саналады. Тақырыпты тілші жалғастырады.
Еліміздің спортының дамуына сүбелі үлесі бар Түркістан облысы Елбасы Жарлығынан соң жаңаша келбетте спорт нысандарымен ерекше дамыйтын болады. Соның бір айғағы, Төлеби ауданында әлемдік аренадағы «Алматау» спорт академиясы ашылды. Волейбол, баскетбол және ауыр атлетикаға арналған замануи үлгідегі спорт кешені спортшы ұл-қыздардың оқу-жаттығу жиындарын өткізуге жол ашады. Токио олимпиадасы қарсаңында мұндай халықаралық спорт академиясы жерлестерімізді жетістіктерге жетелейді,- деді Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев. Ал, ауыр атлетикадан еліміздің атақты спортшысы Илья Илин қазақстандықтардың түрлі әлемдік жарыстарда ел намысын қорғауда мұндай спорт кешендерінің көптеп салынуын жақсылыққа балады.
ИЛЬЯ ИЛЬИН- АУЫР АТЛЕТИКАДАН ӘЛЕМНІҢ АЛТЫ ДҮРКІН ЧЕМПИОНЫ
Спорт академиясының ашылуына арнайы қатысқан бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерінің кеңесшісі мырзағали айтжанов пен ауыр атлетикадан ұлттық құраманың бас бапкері болған Алексей Ни ел игілігіне берілген спорт кешенді еліміздегі спорт ірі орталықтардың бірі екендігін айтты. Туған елдің өркендеуіне өз үлесін қосуды перзенттік парызы санаған Шыңғыс Дүйсебеков кәсіби спортшыларға арналған бұл спорт академиясын салуға ықпал жасапты.
ШЫҢҒЫС ӘБДИЕВ – «АЛМАТАУ» СПОРТ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Полат Қырықбаев өңір спортының көркеюіне осындай спорт кешендері үлес қосатындығын айтты. Ал, Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков алдағы кезде жекеменшік әріптестік аясында бірқатар спорт кешендері бой түзейтіндігін жеткізді. Осылайша, ел спортының қарқынды дамуына үлес қосып келе іскер азаматтар туған жердің өркендеуіне де ат салысуда.

Медиаон ақпарат