Басты бет > Хабар > ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА  АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ БОЙЫНША  12 ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛҒАН

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА  АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ БОЙЫНША  12 ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛҒАН

Түркістан облысы Түлкібас ауданында ауылшаруашылығы саласын дамыту мақсатында ауқымды жобалар іске асуда. 2019 жылы облыс әкімі Ө.Шөкеевтің тапсырмасына орай, алдыңғы қатарлы технологияларды қолдана отырып және халықты жұмыспен қамту мақсатында жалпы сомасы 6094,0 млн. тенгені құрайтын барлығы 33 жоба іріктеліп алынды. Бүгінгі күнге жалпы сомасы 787,3 млн. теңгені құрайтын 12 жоба іске асырылды. Оның ішінде, өз қаражаты есебінен – 7 жоба, несиелендіру арқылы – 5 жоба, ал қалған 21 жоба бойынша бүгінгі күнде шаруақожалық басшылары құжаттарын жинақтап, қаржы институттарымен қаржыландыру бойынша етене жұмыс жүргізуде.

Басқарма басшысының сөзінше, бүгінге дейін өңірде 43 мың тонна сүт қайта өңделіп келсе, келешекте оның көлемі 92 мың тоннаға артады. Мұндай жетістіктерге жаңадан әзірленген «Түркістан облысында агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың өңірлік бағдарламасы» аясында қол жеткізілетін болады.

«Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында облысымызда жалпы 107 кәсіпорын жұмыс істеп келеді. Оның 38 ет, 35і сүт, 34 кәсіпорын жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеумен айналысады. Бағдарлама аясында 2025 жылға қарай облыс аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарының саны 45 бірлікке жеткізу жоспарда бар. Жоспар жүзеге асса, экспорт көлемі 2,5 артады», – деді Нұрбек Бадырақов.

Сондай-ақ өткен жылы қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының көлемі 231,5 млн АҚШ долларын құраған. Бұл көрсеткішті 2022 жылға қарай 578,8 млн АҚШ долларға жеткізу жоспарлануда. Дайын өнімдердің 41,5 пайызы Ресей, Беларусь, Қырғызстан елдеріне, 38,5 пайызы Өзбекстанға 9,2 пайызы Ауғанстан Республикасына жөнелтілген. 2022 жылға қарай экспорт көлемін 4,1 млн тоннаға жеткізу көзделуде.

Бағдарлама аясында өңірдегі агороөнеркәсіп кешенін дамыту мақсатында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және экспортты әртараптандыру үшін Түркістан қаласының аумағында агро аймақтар құрылмақ. Бұдан бөлек, 2019 жылы дизель отынын электронды тарату, 2020 жылы көкөніс-жеміс, бақша, мақта және мал шаруашылығы өнімдерін сатуда электронды сауда саттықты жүзеге асыру жоспарлануда.

Бүгінгі таңда аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен барлық деңгейдегі қаржы институттарын тарта отырып, жергілікті кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие алу бойынша түсіндіру жұмыстары қарқынды жүруде.

Медиаон ақпарат