Басты бет > Жастар > ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЖАСТАР ЖЫЛЫНА ОРАЙ «ЖАСТАР АЛЛЕЯСЫ» АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЖАСТАР ЖЫЛЫНА ОРАЙ «ЖАСТАР АЛЛЕЯСЫ» АШЫЛДЫ

Түлкібас ауданында Тұңғыш Президент саябағындағы «Жастар аллеясының» ашылу салтанаты өтті. Бұл бастама ағымдағы жылдың ақпан айында жастар жылына орай аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен өткен «Жастар жалыны» атты форумда ауданның белсенді жастары тарапынан ұсыныс ретінде айтылған болатын.
Бүгінгі таңда өңір жастарының көтерген мәселесі назардан тыс қалмай, аудан әкімі Н.Тұрашбековтың бастамасымен іске асып отыр. «Тұңғыш Президент» саябағында бүгінгі күнде «Жастар аллеясының» құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді.
Аллеяның ашылу салтанатына аудан әкімі Н.Тұрашбеков, Абайтанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор – М.Мырзахметов Түркістан облысының ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Мәуленқұлов бастаған облысымыздың әр ауданынан келген зиялы қауым өкілдері қатысты.
Сонымен қатар, салтанатты шара барысында келген қонақтар отау құрған жас отбасыларға неке куәліктерін тапсыру рәсімінің куәсі болып, аллея аумағына ағаш көшеттерін отырғызды.
Президент қандай жас қазақстандықтарды көргісі келеді? Оның қазақстандықтарды, бәрінен бұрын, бәсекеге қабілетті және кәсіби шеберлігі жоғары мамандар ретінде көргісі келеді. Бүгінгі таңда жаңа білім меңгеру және жақсы мамандық алу бірінші орынға шықты. Бүгінгі күні білім ұзақ мерзімдік «Қазақстан-2050» Стратегиясының аса маңызды басым міндеттерінің бірі деп танылады. Ел Президентінің республикамыздың алдына қойған әлемдегі ең озық 30 елдің қатарына кіру міндетін жүзеге асыру ісінде білім саласы елеулі рөл атқарады
Бүгінгі күні жастар саясатын жүзеге асырудың мемлекеттік ұстанымын айқындайтын маңызды құжаттар: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы» «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы» ҚР Заңы және «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы туралы ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 27 ақпандағы қаулысы Елбасының бастамасымен қабылданған. Бұл нормативтік құжаттар мемлекет дамуының қазіргі кезеңінде мемлекеттік жастар саясатын қалыптастырудың және жүзеге асырудың құқықтық негіздерін айқын белгілейді.

Медиаон ақпарат