Басты бет > Білім > Түркістан облысының Сарыағаш ауданы жүлделі орындармен оралды

Түркістан облысының Сарыағаш ауданы жүлделі орындармен оралды

АУДАННЫҢ ҮЗДІК ҰСТАЗЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДА ТОП ЖАРДЫ.

2019 жылдың 1 қараша күні Түркістан қаласында орналасқан №27 мектеп лицейі базасында Түркістан облысының әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Бағдарламалау негіздері» тақырыбындағы облыстық байқауға Сарыағаш ауданының білім бөліміне қарасты №14 «Алыбай батыр» атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Баратбаев Мақсат Мырзахметұлы қатысып, нәтижесінде жүлделі 1 орынға ие болды.

Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет. Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту Қазақстан Республикасында айқын көрсетілген.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДАН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

2019 жылдың 30-31 қазан күндері Алматы облысы, Талдықорған қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялар республикалық байқауы болып өтті. Байқау барысында талантты жастар техникалық өнердің түрлі саласындағы тоғыз аталым бойынша әзірлеп келген жобаларын қорғады. Қатысушылар ұсынған жобалар бірінен бірі өткен қызықты, креативті әрі ғылыми жаңашылдығымен ерекшеленді. Байқауға Сарыағаш ауданынан №68 Т.Оспанов атындағы жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Даулетов Рустам мен оның жетекшісі Дуйсембеков Досбол қатысып, облыс намысын қорғап, командалық есеп бойынша ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Медиаон ақпарат