Басты бет > Саясат > ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЛАУРЕАТТАРЫ ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ ВИЦЕ-МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЛАУРЕАТТАРЫ ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ ВИЦЕ-МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ.

«Қазақстан» концерт залында ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Райымқұлова Ақтоты Рахматуллақызы Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналған І «Burabay Summer Fest» жасөспірім таланттардың халықаралық фестивалінің лауреаттарымен  кездесті.
Республикамыздың барлық жерінен және Қытай, Беларусия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан және Түркия сынды бірқатар шет мемлекеттен келген 400-ден астам өнерпаз қатысқан байқаудың жеңімпаздарына арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар табыстаған Ақтоты Рахматуллақызы шараға қатысқан барша көрермендер мен дарынды жастарды еліміздің айтулы мерекесімен құттықтады.

Олардың қатарында Түркістан облысының “Армандастар” үлгілі би ұжымы да бар.
Би ұжымына “Burabay summer fest” I халықаралық жас таланттар фестивалінің лауреаты” дипломы берілді.
Конференцияға қатысқан профессор,академиялық вокал саласының шебері Шахимардан Абилов, “Казақконцерт” ұжымының директоры Жеңіс Сейдоллаұлы, “Шабыт” қазақ ұлттық өнер университетінің “Эстрадалық вокал” кафедрасының меңгерушісі Жеңіс Ыскакова, Мөлдір Әуелбекова сынды өнер жұлдыздары қатысып жас талант иелерін құттықтап, өнер жолында бағыт-бағдар, кеңестерін беріп, болашақта қолдау көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді.
Сондай-ақ, Түркістан облысынан арнайы кездесу мәртебесіне Әлима Тұрарбек пен Әйгерім Темірбекова да ие болды.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.