Басты бет > Саясат > ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КЕЛЕС АУДАНЫНДА  4,5 ГА ЖЕРДЕН 10 МЛН ТЕҢГЕ ПАЙДА КӨРДІ.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КЕЛЕС АУДАНЫНДА  4,5 ГА ЖЕРДЕН 10 МЛН ТЕҢГЕ ПАЙДА КӨРДІ.

Өздеріңізге белгілі Келес ауданы аграрлы аудан болып табылады. Себебі құнарлы топырағына жараса аудан тұрғындары да өте еңбекқор. Осы артықшылықты тиімді қолдану үшін аудан басшысы Ақментай Есбаев, өңіріміз тумасы ғалым Бердияр Қалымбетов тарапынан іске асырылып жатқан ғылыми жобаны жан-жақты қолдау көрсетіп, аудан шаруаларын аталған жобаға баулуды тиісті мекеме басшылары мен ауылдық округтерінің әкімдеріне тапсырмалар жүктеді. Бастапқыда жоба аясында, яғни жылына 2 – 3 өнім алу тәжрибесіне 28 шаруаны тіркеп, қолдау көрсетілді. Аталған жоба діттеген нәтижені көрсетіп, аудан экономикасына едәуір оң серпін берді. Ендігі кезекте аудан басшысының тапсырмасына сәйкес әр ауылдық округтен 10 шаруаны аталған жобаға қосып, агрошаруашылықтың қыр-сырларын үйретуге тапсырма берді. Соның бірі бүгінгі таңда жұмысын жүйелі түрде жүргізіп отқан «Асқар» шаруақожалығы. Жылына 2 – 3 өнім алуды көздеп отқан қожалық бүгінде 4,5 га жерге картоп, қырыққабат, баклажан сынды өнімдердің түрін егіп, мол пайдаға кенеліп отыр. Атап айтсақ биылғы жылы жоба аясында 4 га аумаққа картоп өнімін еккен шаруа 100 тонна өнім алып, нарыққа шығараған болса, екінші егінге болгар қалампырын егіп, саудалап үлгерді. Ендігі кезекте 3 га аумаққа егілген қырыққабат өнімінің пісіп жетілуін күтіп отқан дихан, ол өнімге де сұрау салушылар келіп отқанын айтып отыр. Екі рет өнім егіп, піскен өніміннен бүгінгі күнге дейін 10 млн теңгенің табысын тапқанын мәлімдеген шаруқожалық иесі алдағы жылы 3 рет өнім алуды көздеп отыр. Оған қоса өзінің үй аумағынан мал бордақылау алаңын ашып, бүгінде жұмысын жүйелі түрде жүргізіп отыр. Жалпы шаруақожалық қарамағында 4 техниканы иегеретін азаматтарды қоса алғанда 10 адамды жұмыспен қамтып отқан «Асқар» ШҚ келесі жылғы жоспарлары да ауқымды. Атап айтсақ, өзіне тиесілі жер телімі жанынан судың тиімді орналасып ағуын оң пайдаға кенелту үшін арнайы балық өсіретін шаруашылықты да қолға алмақшы. Жалпы Келес ауданының Қошқарата ауылдық округінде ауыл шаруашылығы бойынша 2019 жылы 4621 га жерге өнім егілсе, оның ішінде дәндік жүгері 970 га, бақша өнімдері – 167 га, картоп – 947,38 га, көкөніс – 1110 га, мал азығы – 1042,4 га жерге егіліп, жалпы 49 471 тонна өнім жиналған.

Медиаон ақпарат