Басты бет > Хабар > ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАҢА ГЕРБІНЕ БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАНДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАҢА ГЕРБІНЕ БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАНДЫ

6
views
Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының ұйымдастыруымен өңірдің жаңа гербіне үздік эскиздік жобасына байқау жарияланды. Түркістан облысының гербіне үздік эскиздік ұсыныстар 2018 жылдың 3 қазан күні сағат 16:00-де қаралады. Қатысу үшін байқау 2018 жылдың 1 қазанына дейін Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасына тапсырылуы қажет (sauletuko@yandex.ru, 53-95-56). Жеңімпаздар димломмен және қаржылай сыйлықтармен марапатталады. Жалпы жүлде қоры – 1 миллион теңге.

Байқауға жеке және заңды тұлғалар қатысады. Байқауға талаптары: түсініктеме жазба, эскиздің мақсатын айқындайтын негізгі сызбалар, компьютерлік кескіндеме немесе түрлі-түсті бояумен салынған суреті, жобалар көлемі 90х60 см планшеттерге орналастырылуы қажет. 
Бауқауға қатысушалардың ұсыныстарын республикаға белгілі сәулетшілер мен сала мамандары қазылық ететін болады. 
Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *