Басты бет > Хабар > ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 80 МЫҢ ГЕКТАРҒА ЖУЫҚ СУАРМАЛЫ ЖЕР АҒЫН СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 80 МЫҢ ГЕКТАРҒА ЖУЫҚ СУАРМАЛЫ ЖЕР АҒЫН СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Түркістан облысын дамытуға Үкімет ерекше екпін беріп отыр. Осы мақсатта облыс орталығында азық-түлік пен жасыл белдеулерді қалыптастыру, диқандарды ағын сумен қамтамасыз ету, Түркістан қаласын көгалдандыру және абаттандыру үшін серпінді жобаларіске асырылуда.Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезекті 38 сессиясында Түркістаноблысының әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді.

Жоғарыда аталған жобалар аясында өңір басшысының тікелей бастамасымен Үкіметтік деңгейінде екі Қаулы қабылданған болатын.

Бірінші, ҚР Үкіметінің қаулысымен 5 су нысаны және ҚР Қаржы министрлігі бұйрығымен «Қараспан» су торабы облыстық меншікке қабылданды. Нәтижесінде, Түркістан облысы Ордабасы, Отырар, Бәйдібек аудандары және Арыс, Кентау қаласы өңірлерінің 78,8 мың гектар суармалы жерлерін ағын сумен тұрақты және уақытылы қамтамасыз етілетін болады.

Жоғарыда аталған су нысандарын тиімді пайдалану, қорғау, күтіп ұстау, дамыту мақсатында облыс әкімінің қаулысымен «Бөген арнасы» мемлекеттік мекемесі құрылды. Бүгінгі күннің өзінде жалпы құны 29,4 млрд. теңгені құрайтын 4 жобаны жүзеге асыру жұмыстары басталды. Олар: Түркістан магистральды каналына Сырдария өзенінен машиналық әдіспен су беру құрылысын жүргізу арқылы қосымша 80 млн. м3 ағын су жеткізу жобасы;Түркістан магистральды каналын бетонмен қаптау жұмыстарын жүргізу арқылы қосымша 60 млн. м3 ағын суды үнемдеу жобасы; «Кеңсай-Қосқорған-2» су қоймасын салып, 15 млн. м3 ағын су жинау жобасы; Арыс-Түркістан массивінде жарамсыз болып қалған 145 дана тік ұңғыманы қайта қалпына келтіре отырып 34,7 млн. м3 қосымша ағын сумен қамтамасыз ету жобасы. Қазіргі таңда осы жобалар бойынша облыстық бюджеттен жобалық сметалық және техника-негіздемелік құжаттарын әзірлеуге қаржы қарастырылып жұмыстар жүргізілуде.

Аталған жобаларды іске асыру нәтижесінде шаруаларға жеткізілетін ағын су көлемі 196 млн. м3ұлғайып, қосымша 1500-ден астам жаңа жұмыс орындары ашылатын болады.

Екінші Қаулы бойынша, «Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі жоспары» Үкімет тарапынан бекітіліп, облыс орталығын азық-түлік қауіпсіздігімен қамтамасыз ету мақсатында, Түркістан қаласы аумағынан радиусы 15 шақырымда азық-түлік және жасыл белдеулерін қалыптастыру жобалары іске асырылуда. Белдеу ақылды технологияларды қолдана отырып, ғалымдардың сүйемелдеуімен 2 кезеңмен жүзеге асады. Атап айтқанда, 1-кезең – Түркістан-Шымкент бағытында 1 мың га алқапты қамтиды. Оның жұмыстары басталып кеткен. 2-кезең 2020 жылы Түркістан-Шымкент, Түркістан-Отырар және Түркістан-Кентау, Түркістан-Қызылорда бағыттарында 10 мың га алқап қамтылатын болады.

Бұған қоса, осы жоба аясында жалпы құны 46,1 млрд. теңгеніқұрайтын 8 ірі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Оныңішінде25 млрд. теңге кешенді жоспар аясында, 11,5 млрд. теңге жергілікті бюджеттен субсидиялауға, қалған 9,5 млрд. теңге жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылатын болады.

Медиаон ақпарат