Басты бет > Саясат > ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 3 МЫҢ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛАДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 3 МЫҢ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛАДЫ

31
views
Түркістан облысы әкімдігі мен «Turkestan Invest» мекемесі бірлесіп жалпы құны 615 млн. АҚШ долларын құрайтын 13 инвестициялық жобаны жүзеге асыруды қолға алды. Бұл жоспар іс жүзінде орындалса, өңірде 3 мың жаңа жұмыс орындары ашылатын болады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясының өңірлік ди⁠ректоры Дәулетқожа Мамыров мәлімдеді.

Оның сөзінше, жыл соңына дейін құны 47,5 млн. АҚШ долларды құрайтын 3 жоба іске қосылады деп күтілуде. Нәтижесінде жаңадан 500-ге жуық жұмыс орны пайда болады.
«Бүгінгі күнге дейін түрлі салаларда 50 бизнес план жасалған. Оның ішінде 4 жоба облысымызға тиесілі. Олардың қатарында тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдейтін зауыт, түйе сүтінен өнімдер өндіретін кәсіпорын және алюминий және пластмассалық бұйымдарын шығаратын өндіріс орны бар. Одан бөлек, қосымша 10-ға жуық шетелдік инвесторларды тарту бойынша келіссөздер жүргізілуде. Айта кететін жәйт көптеген шетелдік компаниялар біздің өңірімізге келіп, жұмыс істеуге ерекше қызығушылық танытып отыр», — Дәулетқожа Мамыров.
Сараптамалық зерттеулер нәтижесінде әлемнің дамыған 36 елі инвестиция құюға әлеуетті екені анықталған. Алайда, іскерлік қарым-қатынас орнату бойынша АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия, ҚХР, Жапония, Оңтүстік Корея, Түркия, БАӘ сияқты елдерге басымдық берілген. Қазіргі таңда аталған елдерде қаржы көздерін тарту бойынша «KAZAKH INVEST» өкілдіктері мен елшілердің арнайы инвестиция бойынша кеңесшілері жұмыс істеуде.
Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *