Басты бет > Хабар > ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ ҮЛКЕН ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ САЛЫНАДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ ҮЛКЕН ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ САЛЫНАДЫ

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев және «ЭКО Культура» агроөнеркәсіптік холдингі Президенті Александр Рудаков, сондай-ақ, «Green Land Alatau» Бас директоры Алмас Дауытовтың қатысуымен жиын өтті. Сонымен қатар, кездесуде инвестиция және экспорт басқармасы, Экономика және бюджеттік жобалау басқармасы, «Kazakh Invest» аймақтық өкілдігі, «Turkistan Invest» фронт-офистің басшылары, «Kazakh Invest» ҰК АҚ Төрағасы орынбасары және бас менеджері қатысты.

Басқосу барысында Түркістан облысы Келес ауданында аумағы 500 гектардан асатын жылыжай кешендерін салу туралы Түркістан облысы әкімдігі, «KAZAKH INVEST»ҰК» АҚ, «Эко-культура» АӨХ ЖШҚ, «Green Land Alatau» ЖШС және Еуразиялық даму банкінің ортасында 5 жақты инвестициялық келісімге қол қойылды. Жоспарланған инвестициялар мөлшері 1,1 млрд. АҚШ долларын (424 млрд. теңге) құрайды. Жобаны қаржыландыруды, сондай-ақ, ЕДБ қаржы құралдары арқылы жүзеге асыру жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жыл 17 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласында «ЭКО-культура» АӨХ ЖШҚ Президенті Александр Рудаков және ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин тиісті меморандумға қол қойған болатын. Жылыжай мега-кешенінің жобасы серіктес«ЭКО Культура» агроөнеркәсіптік холдингінің қазақстандық «Green Land Alatau» компаниясына көмегі арқылы жүзеге асырылады.

Қазіргі таңда Түркістан облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы арқылы қажетті инфрақұрылым жүргізу бойынша таңдалған учаскеде есептеулер жүргізілді. Инженерлік желілер жүргізуге қажетті жалпы сомасы жобамен 10,3 млрд. теңге, соның ішінде 2020-2021 жж. – 3,7 млрд. теңге, 2020-2023 ж. – 6,6 млрд. теңгені құрайды.

«ЭКО-культура» ЖШС-нің жылыжай кешендері өсіп жатқан дақылдардың толық циклін бақылайтын, жылыту жүйесі мен салқындатуды, жарық режимін, тамшылатып суаруды, атмосферадағы көмірқышқыл газының мөлшерін басқаратын заманауи автоматтандырылған климаттық бақылау жүйесімен жабдықталатын болады.

Медиаон ақпарат