Басты бет > Саясат > Түркістан облысында медиация күніне орай ашық есік күні өтті

Түркістан облысында медиация күніне орай ашық есік күні өтті

15
views

Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы «Медиация күні» республикалық акциясы аясында ашық есік күнін өткізді.
Облысымыздың барлық қала, аудандарында өткен іс-шара аясында өңір тұрғындарына құқықтық кеңестер беріліп, дауласушы тараптар мәмілеге шақырылды. Осы күні облыстық ассамблея Түркістан қаласында «Медиация – татулық бастауы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Жиынға сот қызметкерлері және кәсіби медиаторлар, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, этномәдени бірлестік төрағалары, қоғамдық келісім кеңесінің төрағалары қатысып, өңірде медиация ісін ілгерілету жайын талқылады. — Қазақ халқы үшін бітімгершілік — билік айтудың ең озық өнегесі. Билеріміз кез келген дауды келісіммен шеше білгендігін тарихтан білеміз. Бүгінгі медиация — ата-бабаларымыздың мәмілегерлік дәстүрінің жалғасы деуге болады. Республикалық акция аясында өтіп жатқан бүгінгі іс-шара елдің бірлігін нығайтып, қоғамдық келісімді сақтауға бағытталған, — деді жиында сөз алған, облыстық «Қоғамдық келісім» КММ жанындағы медиация кабинетінің меңгерушісі Хасан Бациев.

Айта кету керек, бүгінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы және қала, аудан әкімдіктері жанында 10 медиация кабинеті жұмыс істейді. Өңірімізде 67 кәсіби, 387 кәсіби емес медиатордың тізімі жасақталып, мидиация желісін дамыту бағытында осы жылы 90 іс-шара ұйымдастырылған. Жыл басынан бері 1900-ден астам даулар медиация тәртібімен оң шешімін тапқан.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *