Басты бет > Жастар > ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ЖАСЫЛ ЕЛ» ЕҢБЕК ЖАСАҒЫНДА 500-ДЕН АСТАМ ЖАС ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ЖАСЫЛ ЕЛ» ЕҢБЕК ЖАСАҒЫНДА 500-ДЕН АСТАМ ЖАС ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ

15
views

Түркістан облысында жазғы демалыс кезінде қосымша қаржы тауып, «Жасыл ел» еңбек жасағының қатарында жүрген жастар баршылық. Маусым айынан бастап қолға алынған шарада бүгінге дейін 500-ден астам студент еңбек етіп, аймақтағы түрлі нысандардың абаттандырылуына атсалысып келеді. Маусымдық жұмысқа тартылған студенттер мен жұмыссыз жастардың еңбек ақысының 50 пайызы жұмыс беруші мекемеден, қалған 50 пайызы республикалық бюджеттен төленіп келеді.

Өткен жылы «Жасыл ел» еңбек жасақтарына тартылған жастардың арқасында 117 елді мекендегі 6 мың метрге жуық шарбақ сырланып, 100 мыңнан астам көшет отырғызылды. Сонымен бірге, былтыр 445,8 мың га саябақ пен аллеялар, орталық көше бойлары абаттандырылды.
Айта кету керек, Елбасының бастамасымен құрылған еңбек жасағы облысымызда 2009 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Тоғыз жылдың ішінде өңіріміздегі 13 мыңнан аса жас көгалдандыру-көріктендіру жұмыстарына жұмылдырылған.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *