Басты бет > Саясат > Түркістан облысында білім беру саласында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету мәселелері талқыланған мәжіліс өтті

Түркістан облысында білім беру саласында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету мәселелері талқыланған мәжіліс өтті

Іс-шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары С.Қалқаманов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Ғ.Асанұлы, облыстық білім басқармасының басшылығы және бейнеселектрлық режимде қала/аудан әкімдерінің білім саласына жауапты орынбасарлары мен өңірдегі барлық білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.

Жиында сөз алған Ғ.Асанұлы білім беру жүйесінің дамуы маңызды рөлге ие екенін осы салада жемқорлық деңгейін төмендету басты назарда екенін, яғни ерекше назар бөлудің бірден бір себебі, соңғы жылдары білім саласы сыбайлас жемқорлық көріністері ең көп орын алып жатқан салалардың бірі екенін ескертіп, жемқорлық тәуекелдерін төмендету бағытында нақты шаралар қабылдауды ұсынды.

Бұған қоса, мектеп директорларының өздерінің негізгі міндеті – оқушыларға сапалы білім беруді ұйымдастыру жұмысымен айналысу үшін, төмендегілерді ұсынды:

– педагог кадрлардың бос орындарын толтыру бойынша өткізілетін конкурстардың ашықтығын қамтамасыз ету үшін әңгімелесу сатысын онлайн трансляциялау;

– конкурстық комиссия құрамынан білім бөлімдерінің және оған бағынысты мекемелердің қызметкерлерін шығарып, олардың орнына қоғам белсенділерін, оның ішінде арнайы мониторингтік топтардың мүшелерін қосу;

– жұмысшы персоналды (еден жуушы, күзетші, вахтер және т.б.) жұмысқа қабылдауды мектеп директоры құзырынан алып, оны ашық бәсекелестік ортаға (аутсорсингке) беру;

– ұстаздардың, оның ішінде басшы лауазымдағы қызметкерлердің сапалық құрамына талдау жүргізу;

– іріктеу арқылы оқуға қабылдайтын «Дарын» және тағы басқа мектептерге қабылдауды мектеп құзырынан алып, оны орталықтандырып, бірыңғай облыстық конкурс ретінде өткізу (жоғары оқу орындарының гранттарына өткізілетін жалпы конкурс секілді).

Мақсатты жиын әрі қарай тақырыптық бағытта жасалған баяндамалар мен білім саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мәселелері ортаға салынды.

Медиаон ақпарат