Басты бет > Саясат > Түркістан облысында  бақылау-касса машиналарын енгізу сұрақтары бойынша «Ашық есік күні» өткізілді

Түркістан облысында  бақылау-касса машиналарын енгізу сұрақтары бойынша «Ашық есік күні» өткізілді

Ағымдағы жылдың 28-қазаны сағ.11:00-ден бастап Бірыңғай жалпыреспубликалық Ашық есік күндері шеңберінде Түркістан облысының барлық аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларында онлайн бақылау-касса машиналарын енгізу сұрақтары бойынша «Ашық есік күні» өткізілді.

Аталған іс-шара мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлері, «Атамекен» ҰКП, жергілікті атқарушы органдары, Техникалық қызмет көрсету орталығы мен нарықта БКМ сатушылары және БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткізілді.

Іс-шараның мақсаты онлайн БКМ алуды жаппай насихаттау мен түсіндіру. Түркістан облысында жыл аяғына 134000 кәсіпкерлік субъектісі ақшалай есеп айырысу кезінде міндетті түрде деректерді тіркеу және (немесе) беру фнукциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдануға міндетті. БКМ қолдану азаматтардың өздерінің мүдделерін қорғау, көлеңкелі экономика көлемін азайту және кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестікті ынталандыру мәселелерінде азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Нарықта БКМ таңдап сатып алуға, сонымен қатар ұялы телефонның мабильдік  қосымшасына жүктеп алуға болады, яғни, таңдау еркіндігі салық төлеушінің өзінде.

Іс-шара барысында, қатысушыларға онлайн-БКМ сатып алу, оны қолдану, сонымен қатар, POS-терминалдар қолдану міндеттілігі бойынша толық ақпарат берілді.

Медиаон ақпарат