Басты бет > Хабар > Түркістан облысында агроөнекәсіпті дамытуға арналған жиын болып өтті

Түркістан облысында агроөнекәсіпті дамытуға арналған жиын болып өтті

12
views

Бүгін Түркістан облысына жасаған сапары барысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев өңірдегі агроөнеркәсіптік кешенін (АӨК) дамыту бағдарламасы мен инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын талқылауға арналған семинар-кеңеске қатысты.

Жиынға Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаев, Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері, аудан, қала әкімдері, ауыл әкімдері және ірі тауар өндірушілер мен кооператив төрағалары қатысты.

Мәжілісте ведомства басшысы саланы дамытудың перспективалық бағыттарын айтып, отандық тауар өндірушілерге көрсетілетін мемлекеттік қолдау саясаты  жайына да тоқталды.

Агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бағдарламасының орындалуы тікелей аудан және ауыл әкімдерінің міндеті екенін айтқан Ө.Шөкеев әрбір аудандағы қолданылмай жатқан егістік жерлерді қолданысқа енгізіп, суармалы жерлердің көлемін арттыру, қарқынды бау шаруашылығын дамыту және ауыл шаруашылық саласына инвестиция тартуды басты назарға алуды айтты.

Ауыл шаруашылығы саласына мемлекет тарапынан ауқымды қолдаулар көрсетіліп, агроөнеркәсіп кешенде жақсы нәтижелерге қол жеткізілгенін айтқан облыс әкімі алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар тиісті деңгейде орындалатынын жеткізді. Сонымен қатар аймақ басшысы ауыл шаруашылық саласында шешілмей жатқан мәселелерді қарайтын ортақ біріккен жұмысшы органын құруды ұсынды.

Жалпы АӨК-ні дамытудың мемлекеттік бағдарламасы Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауларында жүктелген стратегиялық міндеттерді, бірінші кезекте АӨК-дегі еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын кем дегенде 2,5 есеге ұлғайту міндетін іске асыруға бағытталған.

Аталған бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында ауыл шаруашылығын дамыту үшін 4 бағыт айқындалып, 2018-2025 жылдарға арналған арнайы концепция әзірленді. Атап айтқанда,  аудан, қалалардың климаттық ерекшеліктеріне байланысты мамандандыру, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қол жетімді несие қаржылармен қамтамамсыз ету, ауыл шаруашылығы кооперативтері жүйесі мен машина-тракторлық станциялар жүйесін жетілдіру және суармалы жерлердің көлемін ұлғайту, су өткізгіштік қабілетін жақсарту іс-шараларын атқару.

Айқындалған төрт бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жүзеге асырғанда 5 жыл ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігі кем дегенде 2,5 есеге артып, 2025 жылдары облыстағы барлық суармалы жердің көлемі 636,24 мың га құрайтын болады.

Бұдан бөлек, егін шаруашылығында жаңадан 1570 гектарға қарқынды бау, 1000 гектарға жаңғақ егіліп, қуаттылығы сағатына 1 тонна сок шығаратын зауыт салынады. Жалпы сомасы 5,02 млрд теңгеге түрлі ауыл шаруашылық техникалары алынса, жаңа тұқым өңдейтін цех орнатылады деп жоспарлануда. Ал мал шаруашылығы саласында қосымша 43,5 мың тонна сүт, 65,8 мың тонна (тірі салмақта) ет, 67 млн дана тағамдық жұмыртқа өндірілу көзделсе, экспортқа 3 жылда 5,5 мың тонна ет шығарылатын болады.

Семинар-кеңесте сондай-ақ, зәкірлік кооперация негізінде етті және сүтті мал шаруашылығын дамытудың маңыздылығы атап өтілді. Өңірлік салалық бағдарламалар шеңберінде өңірде 10 жылда бордақылау алаңдарының айналасында жалпы сүтті ірі қара мал басы 150 мыңнан асатын 3000 отбасылық ферма құрылатын болады. Қой басы 300 мың басқа дейін ұлғаймақ.

Кеңес пікір алмасу және өңірдің тауар өндірушілерінің маңызды мәселелерін талқылау форматында жалғасын тапты.

Жиынды қорытындылаған Өмірзақ Шөкеев шаураларға «жұмыс істеймін деген азаматтарға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Министрлік тарапынан да түрлі жобаларды қаржыландыруға дайынбыз» дей келе ауыл шаруашылық өнімдерін шетелге экспорттау көрсеткішін жоғарылату керектігін айтты.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *