Басты бет > Саясат > Түркістан облыстық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциясының жиыны өтті

Түркістан облыстық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциясының жиыны өтті

Түркістан облыстық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциясы жанындағы «Нұрлы жер» бағдарламаласын іске асыруға Ұлттық қордан және бюджеттен бөлінетін қаражаттың мақсатты әрі тиімді пайдаланылуын бақылау жөніндегі комиссияның бірлескен мәжілісі өтті.

Мәжіліске облыстық мәслихатындағы «Нұр Отан» партиясының фракциясы жанындағы «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыруға Ұлттық қордан және бюджеттен бөлінген қаражаттың мақсатты және тиімді пайдаланылуын бақылау жөніндегі «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мен су және жылумен қамтамасыз ету желілері инфрақұрылымдарын жаңғырту», «тұрғын-үй инфрақұрылымын нығайту» бағыты бойынша комиссия мүшелері, аудан-қалалардағы осы салаға жауапты әкімнің орынбасарлары, құрылыс бөлімінің басшылары, партия қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.

Мәжіліске Түркістан облыстық мәслихаттың депутаттық фракция жетекшісі Жамалбек Шәріпбек Жамалбекұлы төрағалық етіп, облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары Тұрсынбаев Полат Мұратұлы, Түркістан облыстық құрылыс басқармасының басшысы Усубалиев Тоқтар Оразұлы, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Марайым Марғұлан Зұлхарнайұлы арнайы қатысты.

Мәжілістің күн тәртібінде 2018 жылдың қорытындысы бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасының Түркістан облысында жүзеге асырылу барысы туралы осы салаға жауапты басқарма басшыларының есебі тыңдалды.

Қазіргі таңда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында облысымыздың Түлкібас ауданында «Сатып алу мүмкіндігінсіз жалға берілетін тұрғын құрылысы» аясында 7 тұрғын үйдің және Кентау қаласында да 7 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар облыс орталығы Түркістан қаласында аталған бағдарлама аясында 12 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр.

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту» бағыты бойынша 2017 жылы құрылыс жұмыстары басталған Бәйдібек, Сайрам, Шардара аудандарындағы құрылыс жұмыстары толық аяқталып, мемлекеттің қабылдау актісімен қабылданып алынды.

Сонымен қатар «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғырту» бағыты бойынша Сарыағаш ауданындағы 2 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталып, тапсырылды.

Медиаон ақпарат