Басты бет > Хабар > Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшылығы балалар жарақатын емдеуде теңдесі жоқ тәсіл енгізді

Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшылығы балалар жарақатын емдеуде теңдесі жоқ тәсіл енгізді

7
views

Асар шағын ауданында орналасқан Шымкент қалалық №1 балалар ауруханасындағы шұғыл жарақат бөлімшесінің ашылғанына 4 жылға жуық уақыт болған. Ауруханада заман талабына сайт жаңа иновациялық технологиялармен қатар жаңатехнологиялық медициналық қызмет түрлері енгізілген. Барлық дәрігерлер Санкт – Петербург, Мәскеу және Қорған қалаларында біліктілігін арттырады.

Балалар ауруханасы аптасына жеті күн, тәулік бойы тынымсыз қызмет етеді. Бүгінде білікті мамандар сынық жарақаттарына жаңа тәсілмен ота жасауда. Соның арқасында көптеген кішкентай науқастарға тіпті гипс салудың да қажеті жоқ. Остеосинтез әдісінің арқасында дене мүшесі сынған балаларға ауыр операция жасаудың қажеті болмай қалды. Оның үстіне жарақат алған балғындар санаулы күннің ішінде аяққа тұрып кетеді, дейді дәрігерлер.

— Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығы тарапынан балалар ауруханалары үнемі жете бақылауда. Бізде заманауи жабдықтардың соңғы үлгілері жеткілікті. Қазірде отаны тері асты арқылы арнайы құралдардың көмегімен жасаймыз. Операция барысы арнайы рентген – аппаратпен онлайн режимде қадағаланады. Жаңа әдіспен ота жасаудың арқасында баланың денесінде ешқандай тыртық қалмайды, дейді балалар жарақаты, ортопедия және оңалту бөлімнесінің меңгерушісі Еркебай Бектаев.

Жарақат алған баланың отадан кейінгі оңалуы ем алудың ең маңызды тұсы болып есептеледі. Ол үшін балалар ауруханасында арнайы физиотерапия кабинеті жұмыс істейді. Арнайы тренажерлардың көмегімен жаңа тәсілмен ота жасалған баланың айығып кетуі де тез.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *