Басты бет > Саясат > Түркістан облыстық Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының отырысы өтті

Түркістан облыстық Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының отырысы өтті

Түркістанда кезектен тыс президенттік сайлау қорытындыларын қолдау мақсатында Түркістан облыстық Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының отырысы өтті.

Жиында «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жолдасов Нұрмахан Миятұлы төрағалық етіп, Қазақстан коммунистік халық партиясы Түркістан облыстық филиалының бірінші хатшысы Ахмет Ерахан Абуұлы, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Ажиметов Нұржан Нұрмаханбетұлы, «Ақ жол» демократиялық партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының міндетін атқарушы Бейсенбаев Бақытжан Жармаханұлы, Түркістан облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Абсаттаров Дінмұхаммед Болатұлы сөз сөйлеп, үндеу ұсынды.
Коалицияда партия төрағасының бірінші орынбасары Н.Жолдасов: «Ел үшін аса маңызды осы тарихи сәтте және Қазақстан дамуының жаңа кезеңінде біз Елбасы бағытының бірлігі мен қолдауын көрсетуге тиіспіз.
Біз барлық қазақстандықтарды тұтастыққа, бірлікке және біздің негізгі құндылықтарымызға ұқыпты қарауға шақыруымыз керек. Қазақстан жолының сабақтастығы баршамызға байланысты.
Түркістан облыстық «Қазақстан-2050» демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясы атынан біз ел азаматтарына тиісті үндеу дайындадық. Бүгін оны қабылдауға болады. Бұл мәлімдеме Қазақстанның Тұңғыш Президенті саясатының сабақтастығын қамтамасыз ету жөніндегі біздің одан әрі бірлескен жұмысымыздың негізі болуға тиіс.
Бізді алда үлкен жұмыстар күтіп тұр. Ендігі біздің мақсатымыз – алдымызға қойылған міндеттер бойынша Қазақстан экономикасының, елдің мүддесі мен халықтың әл-ауқатының тұрақты дамуы үшін аянбай жұмыс жасайтын әрбір азаматымызға жеткізу. Еліміздің Тәуелсіздігін көзіміздің қарашығындай сақтап, әрбір қазақстандықтың жағдайын жасауға жұмыс жасау керекпіз.»-деп атап өтті.
Жиын соңында бір ауыздан коалиция мүшелері мен партия жетекшілері қолдап, үндеу жарияланды.
Үндеуде: «Біз барлық түркістандықтарды ынтымаққа, бірлікке және қазақстандық даму жолының басты құндылықтары – қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты, этносаралық және конфессияаралық бейбітшілік пен төзімділікті сақтауға шақырамыз.
Біз барлық қоғамдық-саяси күштерді сайлаудан кейінгі кезеңде еліміздің стратегиялық мақсаттары жолында бірігуге шақырамыз.
Біз Қазақстан Президентінің ел дамуының өзекті мәселелеріне қатысты билік пен азаматтық қоғам арасында тұрақты және конструктивті диалог құру бастамасын қолдаймыз.
Біз жалпыұлттық диалог және өзара қарым-қатынас институты ретінде Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жұмысына қатысуға дайынбыз.
Біз Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаев айқындап берген еліміздің дамуына қатысты басымдықтар мен жаңа міндеттерге сөзімізбен де, ісімізбен де қолдау көрсетуге және Елбасының Тәуелсіздікті күшейтуге, елді жүйелі жаңғыртуға, әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған саясатын бірлесіп жалғастыруға ниеттіміз.
Біз тек бірлігімізбен қойылған барлық мақсаттарға қол жеткізіп, ортақ Отанымыз бен еліміздің барша азаматтарының игілігі мен гүлденуін қамтамасыз етеміз!»-деп көрсеткен.