Басты бет > Хабар > ТҮРКІСТАН ЖАСТАРЫНЫҢ ТАРТУЫ

ТҮРКІСТАН ЖАСТАРЫНЫҢ ТАРТУЫ

 

Түркістанда «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының қолдауымен Бекзат мөлтек ауданының жастары Халықаралық дәрежедегі боксшы, Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері, Сидней Олимпиадасының чемпионы, І дәрежелі «Барыс» орденінің бірінші иегері Б.Саттархановтың туған күніне орай «Ұлыстың ұлы-күні жасалған игі іс» атты мерекелік шарасын ұйымдастырды. ‌ Шарада таэквондо, бокс, күрес, арқан тартыс сынды спорттық шаралар мен айтыс өнерінің саңлақтары Бекарыс Шойбеков пен Мұхтар Ниязов өнер көрсетіп, іс-шараның көркін ҚР эстрада жұлдызы Еркін Нұржанов пен өзге де жұлдыздар әсемдей түсті.
Наурыз шарасына арнайы жиналған 3000 мың адамға ас тарқатылып, көктемнің жайма-шуық күндерінде ауыл ақсақалдарының батасы берілді.
Сонымен қатар, шараның ең үлкен ерекшелігі ауданның бір топ азаматтары мүгедек санатындағы, көпбалалы Жақып Нұргүл есімді анаға 2 бөлмелі үйдің кілтін табыстады.

Медиаон ақпарат